«Денесінің 80%-ын күйік шалған»: Астанада үш адамды құтқарған өрт сөндіруші комаға түсті

16 қарашада Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінен өрт шығып, отқа оранған пәтерден 5 адам құтқарылған еді. Алайда өрт сөндірушілердің бірі пәтерден тұрғындарды шығару кезінде жарақат алып, комаға түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өрт «Қаһарман» тұрғын үй кешенінде 11-қабатта тұтанған. Өрт сөндіру қызметкерлері 5 адамды құтқарып, тағы 10 адамды эвакуациялады. Нәтижесінде екі адам мен бала улы газға уланып, ауруханаға түскені хабарланған.

Алайда Батыржан Ибрагим есімді желі қолданушысы жалынды сөндіруге қатысқан өрт сөндірушінің ауыр жағдайда екенін мәлімдеді. Айтуынша, ол үш адамды пәтерден алып шыққан, бірақ 80%-ын күйік шалған.

Қазір жағдайы өте ауыр. Батыр жігіттің есімі – Асқар. Өрт сөндіру қызметінде жұмыс істейді. Үйінде келіншегі мен екі кішкентай балапандары барша қазақ елінен тек дұға етіңіздерші деп сұрап отыр. Аман болсыншы. Ол үйдегі өртке жоғарғы қабаттан кіру үшін қорғаныш киімін шешіп, тек дем алу аппаратын ғана алған. Үйден 80 жастағы әжені, 22 жастағы немересін және көрші пәтерде балконға тығылып қалған 10 жасар баланы өрттен аман алып қалған. Асқар – бүгінгі күннің батыры. Қазір келіншегінің қолында Асқардың сағаты ғана қалды. Асқардың өмір сағаты тоқтамасын деп тілейікші,  

деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласы ТЖД өртке қарсы қызметінің баспасөз хатшысы Аягөз Фазылова екі өрт сөндірушінің ауруханаға түскенін мәлімдеген. Екінші өрт сөндірушінің де денесін күйік шалған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago