Денсаулық

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға қызылшаның таралуына қатысты үндеу жасады

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандықтарды қызылшаға қарсы қосымша иммунитет қалыптастыруға шақырды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда қызылшаға қатысты қолайсыз жағдай қалыптасқаны хабарланған. Биыл бұл дертті 13 мың адам жұқтырған. Оның 83% бес жасқа дейінгі балалар. 70% вакцина алмаған. Науқастардың арасында екпе алмаған ересектер де бар.

Осыған байланысты Қазақстанда қосымша жаппай егу жұмыстары жүргізіледі. Ол қаңтар айының соңына дейін жалғасады.

Біз вакцинацияланбаған балаларды, сондай-ақ инфекция аймағында болған ересектермен байланысамыз. Барлық қазақстандықтарды аурудан сенімді қорғаныс алу үшін емханаларға шақырамыз,

деді министр Ажар Ғиният.

Денсаулық сақтау министрі инфекцияның ауыр зардаптары туралы да ескертті.

Бүгінгі күні қызылшаның арнайы емі жоқ, сондықтан аман қалудың жалғыз жолы — вакцинация. Дәріден қорқудың қажеті жоқ, ол сынақтан өтті. Біз бұл вакцинаны жыл сайын ұлттық егу күнтізбесі бойынша қолданамыз,

деді ол.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

18 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

19 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago