Қазақстандықтар ұзақ өмір сүреді — Денсаулық сақтау министрлігі

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында «Дені сау ұлт» атты ұлттық жоба бекітілді.

Мамандардың есебі бойынша 2025 жылға қарай қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін ұлғаяды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, аталмыш өзгеріс жаңадан енгізілген «Дені сау ұлт» жобасының аясында іске аспақ.

Бұл жоба халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жоба аясында сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, кәсіби тексерулер мен скринигтерді дамыту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ауыл тұрғындарына да ерекше көңіл бөлінеді,

деді Гиният.

Жастар да назардан тыс қалмайды. Репродуктивті және психологиялық көмек көрсету бойынша денсаулық орталықтарының саны көбееді. Ол әрине қолжетімді болады. Сонымен қатар министрліктің мәліметіне сүйенсек, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, алкоголь және темекі өнімдерін тұтынуды қысқартуға, жұқпалы ауруларды азайтуға және жарақаттардың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсініктеме іс-шаралары жүргізіледі.

Іске асыратын шаралардың нәтижесінде салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың саны 2025-жылға қарай 40% — өседі. Өмір сүру жасы 75-дейін ұлғаяды.  Жұқпалы емес аурулар саны 7%-қысқарады. Медициналық оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету 75%- дейін өседі. Бұндай көрсеткіштерге қол жеткізу арқылы мүгедектікке қолжетімділік деңгейін де төмендете аламыз,

деді министр басшысы.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago