Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында «Дені сау ұлт» атты ұлттық жоба бекітілді.
Мамандардың есебі бойынша 2025 жылға қарай қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін ұлғаяды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, аталмыш өзгеріс жаңадан енгізілген «Дені сау ұлт» жобасының аясында іске аспақ.
Бұл жоба халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жоба аясында сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, кәсіби тексерулер мен скринигтерді дамыту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ауыл тұрғындарына да ерекше көңіл бөлінеді,
деді Гиният.
Жастар да назардан тыс қалмайды. Репродуктивті және психологиялық көмек көрсету бойынша денсаулық орталықтарының саны көбееді. Ол әрине қолжетімді болады. Сонымен қатар министрліктің мәліметіне сүйенсек, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, алкоголь және темекі өнімдерін тұтынуды қысқартуға, жұқпалы ауруларды азайтуға және жарақаттардың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсініктеме іс-шаралары жүргізіледі.
Іске асыратын шаралардың нәтижесінде салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың саны 2025-жылға қарай 40% — өседі. Өмір сүру жасы 75-дейін ұлғаяды. Жұқпалы емес аурулар саны 7%-қысқарады. Медициналық оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету 75%- дейін өседі. Бұндай көрсеткіштерге қол жеткізу арқылы мүгедектікке қолжетімділік деңгейін де төмендете аламыз,
деді министр басшысы.