Денсаулық сақтау министрлігі Садраддин Болаттың концертін сынады

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 2022 жылғы 2 тамыздағы үкімет отырысында елдегі эпидемиология жағдайы туралы айтты.

Ажар Ғиният 19 жастағы әнші Садраддин Болаттың Нұр-Сұлтанда өткен концертін сынға алды. Оның айтуынша, шара кезінде санитария талаптары сақталмаған, бұл ковид ауруы өсуіне әкелуі мүмкін.

20 маусымнан бастап елде COVID-19 жұқтырғандар саны өскені байқалады. Кейінгі 2 аптада науқастар саны 3,2 есеге, яғни 10 714-тен 34 550 дерекке өсті,

деді ол.

Министр коронавирустың алдын алудың негізгі әдістері вакцинация мен ревакцинация екенін айтып өтті.

Науқастардың 80%-і — жарты жылдан астам уақыт бұрын екпе алмаған немесе 6 айдан астам уақыт бұрын екпе алмағандар. Бұл коронавирусқа қарсы уақтылы ревакцинациялау қажет екенін тағы бір рет дәлелдейді,

дейді министр

Айта кету керек, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан «сары» аймақта, елдің қалған бөлігі «жасыл» аймақта.

Қазақтың Джастин Бибері атанған әнші Садраддин Болат жастар арасында керемет танымал. Нұр-Сұлтандағы концертте әншінің жанкүйерлері кумирін басып кете жаздады.

Видеода әншіге жол бермей жатқаны, біреу орындаушының шашын ұстап үлгергені, жиналған жұртқа Болаттың қасындағы екі күзетші де тосқауыл бола алмағаны көрінеді.

Қолданушылардың айтуынша, артист «Хан Шатырда» тегін концерт бергенде осындай жағдайға тап болған.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

7 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

8 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

1 день ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

1 день ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

1 день ago