Таулы Қарабақтағы шиеленіс: мәселені Ресей бітімгерлері де реттей алмай отыр

Әзірбайжан «Кек алу» атты арнайы әскери операция нәтижесінде Қарабақта бірнеше басымдыққа ие биіктіктерді жаулап алғанын жариялады.

Ведомствоның сайтында армян күштерінің артиллериялық есептеулері мен позицияларына зымырандармен соққы жасалғаны көрсетілген кадрлар жарияланды.

Таулы Қарабақтағы жағдай шілденің соңынан бастап шиеленісе түсті. Әзірбайжан армиясы мен армян күштері арасындағы атыс әскерилердің қаза болуына әкелді.

Жалпы мұндағы әскерилер арасындағы шайқас ресми түрде 2020 жылдың күзінде ресейлік бітімгерлердің келуімен аяқталған болатын.

Қазір мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасында ішінара мобилизация жарияланды. Әзірбайжан Армениядан Қарабаққа өтетін жалғыз жолы бар Лачин қаласын бақылауға алуды талап етіп отыр.

Қақтығыс аймағында не болып жатыр және әлем тағы бір соғыс қаупі алдында тұр ма?

Екі ел не дейді?

1 тамызда танылмаған Таулы Қарабақ республикасының билігі Әзірбайжан армиясы «таңертең байланыс сызығының солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарының бірқатар учаскелерінде байланыс сызығын кесіп өтуге тырысты, бұл әрекеттерге жол берілмеді, қақтығыстар тіркелген жоқ» деп мәлімдеді.

Бір күн бұрын олар армян әскери қызметкері жараланды деп мәлімдеді. Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі бұл оқиғаны жоққа шығарып, бұл ақпаратты «жалған, арандатушылық және жаңылыстыратын» деп атады.

Сонымен бірге, 2 тамызда Ресей Қорғаныс министрлігі өткен тәулікте «Әзірбайжан қарулы күштері атысты тоқтату режимін бұзғандығын» айтты.

3 тамызда таңертең Әзірбайжанның әскери бөлімі Лачин ауданында (Таулы Қарабақты Армениядан бөліп тұрған) Әзірбайжан әскери қызметшісі «қарқынды атыс» нәтижесінде қаза болғанын айтты.

Шамамен сол уақытта танылмаған ТҚР билігі Әзірбайжандық дронның соққысынан кем дегенде екі сарбаз қаза тауып, 14 адам жарақат алғанын және ішінара әскери мобилизация туралы хабарлады.

Ресей әскери күштерінің хабарлауынша, Әзірбайжан Қарулы күштері Лачинск дәлізіне қарасты Сарыбаба биіктігі аймағында «атысты тоқтату режимін бұзды».

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде: Баку ресейлік бітімгерлерге олардың бақылауындағы аумақта армян әскерлерінің болуы қауіпті екенін ескерткен деп жазылған.

Бір жарым жылдық тыныштықтан кейін…

Қарабақтағы екінші соғыс 44 күнге созылған болатын және 2020 жылдың 10 қарашасына қараған түні үшжақты келісімге (Армения, Әзірбайжан және Ресей) қол қоюымен аяқталды, нәтижесінде Қарабақ айналасындағы аудандар, сондай-ақ аймақтың тарихи астанасы Шуша Әзірбайжанға қайтарылды.

Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев.

Қарабаққа ресейлік бітімгерлер енгізілді, олар сол кезден бері Қарабақ армяндары мен Әзірбайжан әскерлерін бөліп тұрған жаңа байланыс сызығын басқарады.

Ешкім соғысып жатпаса да, шиеленістер әлі де жалғасуда. 2021 жылы 12 мамырда, армян тарапының мәліметтері бойынша, Әзірбайжан әскери күштері екі ел арасындағы шекарадағы кішкентай көлдің (армян және Әзірбайжан тілдерінде «Қара көл» деп аталады) айналасын толық бақылауға алып, Армения аумағына 3,5 шақырым тереңдікке кірді.

Әзірбайжан СІМ сол кезде ел «шекарадағы қауіпсіздікті күшейтумен айналысады және бұл Баку мен Ереван карталары негізінде орын алды. Әзірбайжан шекаралардың егемендігін, аумақтық тұтастығын және қол сұғылмаушылығын құрметтейді» деді, ал бұған дейін Әзірбайжан шекарашылары ауыр маусымдық климаттық жағдайларға байланысты көлдің айналасын игере алмады.

2022 жылдың наурызында жаңа шиеленіс болды. Екі тарап Әзірбайжан әскери күштері қақтығыс аймағындағы елді мекен мен биіктікті өз бақылауына ала алғандығын растады.

Неліктен бұл қазір болып жатыр?

2 тамызда танылмаған ТҚР билігі Әзірбайжан тарабы оларға Армениямен қолданыстағы маршрутты айналып өтіп, басқа маршрутпен байланыс орнатуды ұйымдастыру туралы талап қойғанын хабарлады.

Себебі, Қарабақты Армениямен «Лачин дәлізі» деп аталатын жол байланыстырады — бұл ресейлік бітімгерлер басқаратын және Таулы Қарабақтың сыртындағы Әзірбайжан қаласы Лачин қаласы арқылы өтетін, Қарабақтағы алғашқы соғыста армян күштері басып алған жол.

Армения Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Армен Григорян жергілікті «Арменпресс» басылымына Әзірбайжанның Лачин дәлізі туралы талабы заңсыз екенін айтты, өйткені армян тарабы бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанына қарамастан, әлі бір жоспарға келіскен жоқ.

Сурет: Вестник Кавказа

Лачин ауданының қалған бөлігін (қала мен жолдан басқа) армян тарабы соғысты аяқтаған 2020 жылғы 10 қарашадағы келісім бойынша Әзірбайжанға қайтарды. Сол келісім бойынша Қарабақ армяндарын Армениямен байланыстыратын Лачин қаласын айналып өтетін жаңа жол салынуы тиіс. Әзірбайжан жолдың өз бөлігін салды, Армения әлі салған жоқ.

Әзірбайжан Арменияны үш жақты міндеттемелерді орындамағаны үшін айыптайды. Сонымен, 3 тамызда Әзірбайжан СІМ бұл туралы тағы бір рет ескертті.

Әзірбайжандық саясаттанушы Ильгар Велизаде қазір Қарабақта болып жатқанды терроризмге қарсы операция деп атады — «жаудың атыс нүктелері анықталуда, осы нүктелер жойылуда». Оның айтуынша, Әзірбайжан үшін Қарабақтағы қарулы адамдар — «бандиттік құрылымдар».

Әзірбайжан Таулы Қарабақтан барлық қарулы күштердің шығуын талап етуде.

«Белсенді болып жүрген армян қарулы күштерінің құрылымы, біз олардың сол жерде қорғаныс құрылыстарын салып жатқанын көрдік, бұл Әзірбайжан тарапының алаңдаушылығын тудырды», — дейді ол. «Олар бізге жағдайды бақылауға аламыз деп уәде берді, бірақ уәдесінде тұрмады».

Армян саясаттанушысы Александр Искандарянның пікірінше, мұндай экскалациялар Әзірбайжанның армян тарапына жасаған қысымы, осы арқылы олар келіссөздерде жеңілдік алуға талпынады.

«Бұл нақты эскалация… екі нәрсеге байланысты болуы мүмкін», — дейді ол Би-би-Сиге. — Біріншісі — Ресейдің қазір Украинамен басы қатып жүр және Қарабақта ісі жоқ. Осыны пайдаланып, Әзірбайжан қызыл сызықтарды басып көрмекші, қаншалықты алысқа баруға болатындығын тексеріп жүр. Екіншісі — келіссөздер процесі жүріп жатыр, ал Әзірбайжан келіссөздер барысында түрлі қысым формаларын пайдаланады».

Eurasianet басылымындағы Кавказ бөлімінің редакторы Джошуа Кучера «Ресейдің қазір бар назары Украинада, сондықтан Әзірбайжан бітімгерлердің алдында агрессивті әрекет етуі мүмкін» деп есептейді. Бірақ ол бұл тұрғыда Әзірбайжан алысқа барады деп күтпейді. 

Тағы соғыс бола ма?

Армения Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Армен Григорян өткен айда Арменпресске берген сұхбатында армян әскери күштері енді Қарабақта қызмет етпейтінін және онда танылмаған ТҚР-нан жергілікті әскери қызметшілер ғана қызмет ететінін айтты.

Сонымен қатар, ол Қарабақ мәселесі «біз үшін аумақтық мәселе емес» деп қосты. «Бұл тұрғыда біз үшін Қарабақ армяндарының қауіпсіздігі мен құқықтары маңызды», — деді ол.

Шенеунік премьер-министр Никола Пашинянның Таулы Қарабақ мәселесін армян-әзірбайжан қатынасынан бөлу идеясы туралы сөзін еске салды. «Қазір біз бұл нұсқаны белсенді түрде талқылап, әрі қарай қалай әрекет ету керектігін шешуіміз керек», — деді ол, сонымен қатар, бейбітшілік орнату туралы Әзірбайжан ұсынған бес пунктте «қолайсыз ештеңе жоқ» деп атап өтті.

Әзірбайжан ұсынған бес тармақты жоспар:

  • егемендікті, аумақтық тұтастықты өзара тану,
  • аумақтық талаптардың болмауын өзара растау
  • қауіп пен күш қолданудан бас тарту
  • мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау
  • көлік коммуникацияларын ашу

Дегенмен, шиеленіс әлі де жалғасуда және екі елде де жаңа соғыс туралы қауесет толастар емес.

Александр Искандарян жаңа қақтығыстар болуы мүмкін болғанымен, 2020 жылдағыдай соғыс болмайтынына сенімді.

Ресейлік бітімгерлер. Сурет: bbc.com

«Соғыс болмайтынына жалғыз фактор — бұл бітімгерлердің болуы, өйткені соғыс жағдайында Әзірбайжан әскерлері орыстарды өлтіруге мәжбүр болады, ал Ресей бұған жауап бермей отырмайды», — деп ескертті ол. — Әзірге бұл әлсіз қақтығыстар, оны соғыс деп айту қиын».

Ильгар Велизаде ауқымды соғыс болмайды деп санайды, өйткені армяндарда қаражат та, адами ресурстар да жоқ.

Джошуа Кучера ресейлік бітімгерлердің бақылауындағы аумақта 2000 ресейлік сарбаз барын ескертті және олардың әскери қақтығыстардың алдын алуға қауқары жетпейді деп сенеді. Ол армяндар «ресейлік бітімгерлерге назар аудармайды және өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды» деп оайлайды.

«Бірақ мен олар (бітімгерлер) үлкен соғыстың алдын алады деп ойлаймын», — деп үміттенеді сарапшы. «Әзірбайжан Ресейдің рұқсатынсыз үлкен шабуылды бастай алмайды».

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 часов ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago