Categories: Экономика

Депозиттерге берілген өтемақы елдің күлкісін туғызды

Күні кеше қазақстандықтар теңгелік депозиттер бойынша өтемақы алды, бірақ басым көпшілігінің шотына күлкілі сома түсті – шамамен 100 теңге. Әлеуметтік желілер мысқылды әзілдерге толып кетті, ал мамандар болса жағымсыз сұрақтар қоюда.

Белгілі экономист Эльдар Шамсутдинов өзінің телеграм-арнасында бағдарламаны жан-жақты сынға алды, сөзбе-сөз:

Инфляцияны ынталандырып жатырмыз ба?

 «100 теңге көлеміндегі өтемақы алған адамдар наразылықтарын білдіріп жатыр, ал бағдарламаның адвокаттарды наразыларды біліксіз деп айыптайды.

Бағдарлама операторларына тағы да айтқым келетіні: егер пайдаланушы сіздің бағдарламаңыздың шарттарын түсінбесе – бұл сіздің олқылығыңыз. Мұндай күрделі бағдарламаларды егжей-тегжейлі түсіндіру керек.

Ақша қайдан келеді?

Бағдарламаға келетін болсақ. Менің ойымша, бұл кезекті ақша басып шығару және бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану. Бағдарлама шарты бойынша жалпы соманың 50%-ын Қазақстанның тұрақтылық қоры берді, ол арқылы Ұлттық банк инфляциялық ақша жасайды. Қалған 50 пайызын Қаржы министрлігі Проблемалық несие қоры арқылы береді.

Ақпан айында 307,5 ​​млрд теңгеге өтемақы төлеуге өтініш берілген. Яғни 153,75 миллиард теңге Ұлттық банктің эмиссиясы есебінен қамтамасыз етілді, ал тағы 153,75 миллиард теңге бюджет тапшылығынан алынды. Инфляцияны тудыратын осындай күмәнді операциялар жүргізілген соң, нақты мақсат та болуы керек.

Әсері бар ма?

Бағдарлама мәтініне сәйкес, басты мақсат – теңгедегі депозиттерді тартымды ету және халықты депозитте ақшаны ұзақ сақтауға ынталандыру болды. Бірақ! Бағдарламаны жасаушылар нарық жағдайын ескермеген көрінеді, ақша нарығы профицитте, теңге көп, ал бағам айырбас бағамының құбылмалылығын елемеуге мүмкіндік береді, яғни бағамдық қауіп-қатерден қорықпай депозитті теңге түрінде сақтауға болады. Қосымша ынталандырудың қажеті не? Түсініксіз.

Демек, бос ақша басып қана қоймай, онсыз да ақшасы аз бюджеттен 153 миллиард теңгені түсініксіз мақсатқа жұмсады. Депозиттерді өтеу бағдарламасын жасаушылар бұған қатысты түсінік берулері керек».

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago