Categories: Экономика

Депозитті қай валютада сақтаған дұрыс?

Депозит – инвестицияның бір түрі. Өз тілімізге салып айтсақ, банкте сақтап қоятын қаржатымыз. Қазақша баламасы – салым. Банк біздің ақшаны ала отырып, оны өзінің басқа операцияларына қолданады. Банк – ақшадан ақша құрайтын мекеме екенін білесіз. Яғни, сіз бен біздің депозитке салған ақшамызды қолдана отырып, одан түскен табыстың бір бөлігін пайыз түрінде біздің ақшамызға қосып отырады. Демек, біз салған салым банкте текке жатпайды, «жұмыс» істейді, ақшамыз көбейген үстіне көбейе береді. Ол, әрине, салған салымның көлеміне және банк ұсынған пайыздық мөлшерлемеге байланысты болады. Бізге айтқан бір пікірінде экономист Меруерт Махмұтова депозит – ақша құнын инфляциядан қорғайтын бірден-бір құрал дейді.

Қолдағы ақша майда-шүйдемен кетіп қалады. Және үйде сақтаған ақша ұзақ мерзімде өзінің құнын жоғалтады. Инфляция бар. Егер де сіз қолда бар ақшаны депозитке салсаңыз, депозитте ай сайын оған процент қосылып тұрады. Сондықтан, инфляциядан ақшаңыз құнын жоғалтпайды,

экономист Меруерт Махмұтова.

Ұлттық банктің бүгінгі базалық ставкасы екінші деңгейлі банктерде кредиттердің пайызын көтергенімен, салымшы үшін пайдалы болып тұр. Сол үшін де Қазақстанда теңгелей салымдардың саны едәуір артқан. Есесіне, депозитті қай валютамен ашқан дұрыс деп бас қатырмауға да болады. Жалпы, депозит ашпас бұрын нені білген жөн? Бұл сұрақтың да жауабын сарапшымыздан сұрап көрдік. Меруерт Махмұтованың айтуынша, банктің пайызына қызықпай, алдымен оның тұрақтылығына мән беру керек.

Ең біріншіден, депозитті қай банкке апарып салам дегеннен бұрын ол банктің кепілдік беретін банктердің санына кіре ме, кірмей ме, сол жағын тексеру керек. Бұл банк қаншалықты тұрақты? Пайызы жоғары дегенге қызықпай, деп сол жағынан қарау керек,

экономист Меруерт Махмұтова.

Депозит қызметін кез келген қаржы ұйымы ұсына алмайды. Ал, оны ұсыну үшін еліміздегі екінші деңгейлі банктер «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» құрамында болуы керек. Бұл – міндетті талап. Салымшы банк таңдағанда осыған мән бергені дұрыс. Себебі, бұл Қор «форс-мажор» жағдайларда, мысалы, банк банкротқа ұшырай қалса, сіздің ақшаңыздың кері қайтуына кепіл болады. Яғни, сіз қалаған банк аталған Қорда сақтандырылған ба – соған назар аударыңыз. Содан кейін банк ұсынатын сыйақы мөлшерін біліп алған жөн. Ол сіз салған салымның қалай табыс табатынына тікелей әсер етеді.

Теңгедегі депозиттің пайызы инфляция деңгейінің маңайында. Мысалы, инфляция бізде 18-дің маңайында болса (қазіргі жылдық инфляцияның деңгейі 16,8% – ҚС), банктердің депозиті 15-16%-дың маңайында болады. Сондықтан, теңгемен салатын болсаңыздар, инфляциядан сақтап қалатындай мүмкіншілік бар. Жылдың аяғына дейін инфляция төмендейтіндей болжам бар. Бірақ, егерде, доллармен сақтаймын десеңіз, доллардағы депозиттердің пайызы 0,5 пайыз ғана. Енді ол жәй сақтауға ғана келеді. Үстінен көп пайда түсе қоймайды,

экономист Меруерт Махмұтова.

Депозит ашу үшін қазір банкке бару да міндетті емес. Интернет дамыған заманда әр банктің өзінің мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Яғни, депозитіңіздің мақсатын анықтап алсаңыз, үйде отырып та смартфонның көмегіне жүгіне бересіз. Жалпы, депозиттің жақсы да жағымсыз тұстары бар. Жақсы жағы – қолдағы ақшаны жұмсап жібермеуге, үнемдеуге ыңғайлы. Сосын пайзыдық мөлшерлемесінің тұрақтылығында да мән бар. Мысалы, сіз 15%-бен депозит ашсаңыз, кейін нарықта өзгеріс орнап, депозиттің пайыздық ставкасы түссе, сізде ол 15% күйінде қала береді. Бірақ, бұның екінші жағы да бар. Яғни, сіз 15%-бен депозит аштыңыз делік. Кейін барлық банк ставканы көтерсе, сіздікі өзгеріссіз қалады. Сол кезде сәл көңіл-күйге әсер етуі мүмкін. Ал, депозиттің мерзіміне қарай түр-түрге бөлінетіні бар, оны банк таңдау кезінде өздерінен біле аласыз.

Қаржылық сауат телеграм арнасынан алынған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago