Categories: Қоғам

Оңтүстік Кореяда қазақстандықтар үшін еңбек визасы пайда болуы мүмкін

31 мамырда Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрлері қазақстандықтарға арналған еңбек визасын енгізу мәселесін талқылады.

Астанада Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Пак Чжин мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің екіжақты келіссөздері өтті.

Корея республикасы Қазақстанның Азиядағы негізгі әріптестерінің бірі.

Достық пен өзара сенімге негізделген Оңтүстік Кореямен әріптестікті дамыту – еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды басымдықтарының бірі. Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті корей компаниялары үшін қолайлы жағдай жасауға біз толық дайынбыз,

деді Мұрат Нұртілеу брифинг барысында.

Тараптар мүдделілік танытып отырған барлық мәселе бойынша үздіксіз және дәйекті жұмысты жалғастыру үшін 2023-2024 жылдарға арналған Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Оңтүстік Корея — Қазақстандағы ең ірі 10 инвестордың бірі және Азияда ауқымы жағынан екінші сауда серіктесі. Қазақстан экономикасына салынған корей тікелей инвестициялар көлемі 1,5 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл екіжақты инвестициялық ынтымақтастық тарихындағы ең үлкен көрсеткіш. Қазақстанда корей бизнесінің қатысуымен 740 компания тіркеліп, 28 ірі жоба іске асырылды.

Қазақстандағы дағы «алтын көпірдей» екі ел арасындағы достықты нығайтуға ықпал ететін корей диаспорасының рөліне ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда Қазақстанда 119 мыңнан астам этникалық кәрістер тұрады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago