Қоғам

Депутат Қырғыз президенті ат мінгізген қазақ ақынын сынға алды

Аманжол Әлтаев Қырғыз президентінен сыйлық алған қазақ ақынынан барша айтыс ақындарынан кешірім сұрауды талап етті.

Мынау Біржан деген ұяты жоқ, беті қалың жігіт екен. Оның мұқым қазақ елінің атынан домбыра ұстап сөйлейтіндей жөні жоқ еді. Себебі қазақ айтыс өнерінде мұндай ақын жоқ,

деп жазды Аманжол Әлтаев.

Айтуынша, мәселе бұл жігіттің танымал болмағанында емес, оның шын мәнінде ақын еместігінде.

Қырғыз бауырлардың ыстық пейіліне рақмет! Бірақ, кім көрінгенді көшеден тауып алып, қазақ елінің ақыны деп ел алдына шығармауын сұраймыз. Қазақ елінің айтыс ақындары мен жыршы — термешілер одағының төрағасының бірінші орынбасары ретінде  мәлімдеймін. Қазақ халқының бекзат өнерінің құнын олай түсірмеулерін талап етемін. Ақындық таланты жоқ мұндай пысықайлар ешкімге де опа әпермейді,

дейді Әлтаев.

Қырғыз тарапын екі елдің айтыс ақындары одағының арасындағы қол қойылған меморандумдағы ережені сақтауға шақырды және Қазақстан ұсынған ақынды ғана халық алдына шығаруды сұрады.

Құстың қос қанатындай бауырлас едің достығын жалған өлеңшілер емес, нағыз құрметке лайық дарынды ақындар жырласын. Біржан бауырымыз елге жеткенсін халықтан, барша айтыс ақындарынан кешірім сұрауды ұмытпасын,

деп жазды ол.

Айта кетейік, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа арғымақ сыйлаған болатын. Бұл туралы елдің Президент әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орунбеков Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.

Оның айтуынша, 13 тамызда клубтар арасындағы көкбөріден әлем кубогының ашылу салтанатында Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевты Бішкекте сыйлық күтіп тұрғанын айтқан. 

20 тамызда президенттің менеджері Каныбек Түмонбаев ақынға Садыр Жапаровтың сыйлығын табыс етті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago