Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақша фильмді ешкім көрмейді деген рас па?
28.09.2023
Азия ойындарында еліміздің жаттықтырушысы масқара болды
28.09.2023
Қазан айындағы мерекеде 34 500 кімдерге беріледі?
28.09.2023
Дінді айқай-шумен қорғамайды: Зайытовтың пікіріне Нұрлан имам пікір білдірді
28.09.2023
Ташкент әуежайында жойқын жарылыс болды
28.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Депутат Қырғыз президенті ат мінгізген қазақ ақынын сынға алды
Қоғам

Депутат Қырғыз президенті ат мінгізген қазақ ақынын сынға алды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 23.08.2023
Обновлено 23.08.2023 в 05:08
Поделиться
Поделиться

Аманжол Әлтаев Қырғыз президентінен сыйлық алған қазақ ақынынан барша айтыс ақындарынан кешірім сұрауды талап етті.

Мынау Біржан деген ұяты жоқ, беті қалың жігіт екен. Оның мұқым қазақ елінің атынан домбыра ұстап сөйлейтіндей жөні жоқ еді. Себебі қазақ айтыс өнерінде мұндай ақын жоқ,

деп жазды Аманжол Әлтаев.

Айтуынша, мәселе бұл жігіттің танымал болмағанында емес, оның шын мәнінде ақын еместігінде.

Қырғыз бауырлардың ыстық пейіліне рақмет! Бірақ, кім көрінгенді көшеден тауып алып, қазақ елінің ақыны деп ел алдына шығармауын сұраймыз. Қазақ елінің айтыс ақындары мен жыршы — термешілер одағының төрағасының бірінші орынбасары ретінде  мәлімдеймін. Қазақ халқының бекзат өнерінің құнын олай түсірмеулерін талап етемін. Ақындық таланты жоқ мұндай пысықайлар ешкімге де опа әпермейді,

дейді Әлтаев.

Қырғыз тарапын екі елдің айтыс ақындары одағының арасындағы қол қойылған меморандумдағы ережені сақтауға шақырды және Қазақстан ұсынған ақынды ғана халық алдына шығаруды сұрады.

Құстың қос қанатындай бауырлас едің достығын жалған өлеңшілер емес, нағыз құрметке лайық дарынды ақындар жырласын. Біржан бауырымыз елге жеткенсін халықтан, барша айтыс ақындарынан кешірім сұрауды ұмытпасын,

деп жазды ол.

Айта кетейік, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа арғымақ сыйлаған болатын. Бұл туралы елдің Президент әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орунбеков Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.

Оның айтуынша, 13 тамызда клубтар арасындағы көкбөріден әлем кубогының ашылу салтанатында Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевты Бішкекте сыйлық күтіп тұрғанын айтқан. 

20 тамызда президенттің менеджері Каныбек Түмонбаев ақынға Садыр Жапаровтың сыйлығын табыс етті.

Анара Бауыржанқызы 23.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақша фильмді ешкім көрмейді деген рас па?
  • Азия ойындарында еліміздің жаттықтырушысы масқара болды
  • Қазан айындағы мерекеде 34 500 кімдерге беріледі?
  • Дінді айқай-шумен қорғамайды: Зайытовтың пікіріне Нұрлан имам пікір білдірді
  • Ташкент әуежайында жойқын жарылыс болды

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамДін

Дінді айқай-шумен қорғамайды: Зайытовтың пікіріне Нұрлан имам пікір білдірді

28.09.2023
Қоғам

Сақал және хиджабпен күресетіндерге ақшалай сыйақы беріледі

28.09.2023
Қоғам

Биыл елімізде жылыту кезеңі 1 қазанда басталады

27.09.2023
Қоғам

Хат-хабар мен газет-журнал тасымалы азайып барады

27.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?