Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев төңірегінде тағы да даулы жағдай орын алды. Меркелік тұрғын оны 140 миллион теңге тұратын үйді тартып алды деп айыптап, әлеуметтік желіге видео жариялады. Ер адамның сөзіне сенсек, депутат заңсыз сотқа араласып біреудің үйін өз атына аударып алған. Тұрғынның қолындағы құжаттарда депутаттың аты-жөні толықтай жазылғанын көруге болады.
Алайда видео БАҚ-та тарала салысымен, Жигули Дайрабаевты үйді заңсыз тартып алды деп мәлімдеген меркелік азаматтың бұрынғы әйелі жоққа шығарды.
Оның айтуынша күйеуі Рузиев Саит, депутатты негізсіз кінәлап, жалған құжаттармен үйді өзіне қайтадан рәсімдеп алмақ болған.
Мен оның бұрынғы әйелімін, яғни аталған үйдің иесі. Бұл үй заңды түрде сатылған. Сатып алу мен сату қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес жасалды. Біз 2006 жылдан бері бірге тұрмаймыз. Үйді өзім салғанмын, бұрынғы күйеуім жұмыссыз жүрді, әлі де ешбір жерде жұмыс жасамайды.
Үйге қатысты дау туындап бірнеше рет сот отырысы өтті. Бұрынғы күйеуім үйге иелік ету мақсатында сотқа қайта-қайта шағым түсіріп, материалдық тұрғыдан өндіріп алмақшы болды,
деді меркілік азаматтың бұрынғы әйелі.
Ал бүгін депутат өзінің Facebook парақшасында аталған жағдайға қатысты пікір білдіріп, мұндай әрекеттің, яғни бопсалаудың бірінші рет емес екенін алға тартты.
«Үйге байланысты айтар болсам жалпы, кез-келген адам құнды зат сатып алғанда жеті рет өлшеп барып шешім қабылдайды. Отбасыма деп сатып алған үй уақыт өткен соң заңсыз деп есептелгені кімге керек? Мұндай тәуекел ешкімге де қажет емес. Өзіңізге осы бір сұрақты қойып көрсеңіз, бірден түсінесіздер деп ойлаймын. Нотариус арқылы жасалған келісім-шартымыз заңды, үй иелерінің құқықтары сақталған. Ақша талап етіп жүрген азаматты танымаймын да. Білуімше ол үй сатқан әйелдің бұрынғы жұбайы (ажырасқан). Ерлі-зайыптылардың арасына кірісетін адам емеспін. Ол азамат менің осы лауазымымды пайдаланып, бопсалау жолын таңдаған», деп жазды депутат.
Жигули Дайрабаев дау болып жүрген Кеңес ауылындағы жер мәселесіне де қатысты да пікір білдіріп, бұл мәселе бұрын басталғанын айтты.
«Бұл жағдай 20 жыл бұрын болған. Жерге қатысты компанияның иелері — ағайынды Иембердиевтер (Ерлан мен Нұрлан Ергешбайұлдары). Олар қазір Қазақстанда. Шатаспасам, Алматыда тұрады. Жердің де, ақшаның да иесі — осылар. Менің бұл іске ешқандай қатысым жоқ. Кезінде мен тек жалдамалы қызметкер болдым. Меркі ауданында 1 метр де жерім жоқ. Сондықтан да ауылдағы наразы адамдардың арыздары жер иелері Иембердиевтерге жолдануы тиіс деп есептеймін. Ауыл тұрғындары мені негізсіз кінәламай, қайта көмегіме жүгінгені дұрыс еді. Әлі де кеш емес»,
дейді Дайрабаев.
Айта кетейік, осыған дейін су жаңа депутаттың, жер мәселесіне қатысты басы дауға қалған еді. Себебі оның екі ұлы құлпынай көшеттері үшін мемлекеттік субсидиялар алған, әрі бір бөлігі алаяқтық жолмен ұрланып, жеке қажеттіліктеріне жұмсалғаны анықталды. Нәтижесінде қаржыны жымқырғаны үшін және мемлекетке 550 млн теңге зиян келтіргені үшін сотталған еді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…