Қазақстанда бір жылда 27 журналиске шабуыл жасалған

2022 жылғы тоғыз айда елімізде 27 медиа өкілдеріне шабуыл жасалған, 26 рет қоқан-лоқы көрсетілген, 17 журналисті ұстаған. Бұл туралы «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Тамара Қалеева Алматыда өткен пресс-конференциясында мәлімдеді.

Сонымен бірге ол осы жылы журналист әйелдердің де қудалауға ұшырағанын айтты. Оған қоса 9 журналист тұтқындалған, бас бостандығынан айырылған немесе шектелген. 80 журналист «заң бұзды» деп айыпталған.

Қор басшысы Тамара Қалееваның айтуынша, Қазақстанның қылмыстық кодексіне полицияның редакцияны тінтуге, журналистердің материалдарын ордерсіз алуға тыйым салатын норма енгізу керек. Сот ордерді ауыр қылмыс жасалғанда немесе ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамды қорғауда қажет болса ғана беруі қажет.

Журналист дәрігер сияқты қателесуге құқылы. Ал бұл құқықты заңнамамызға енгізетін кез келді, яғни журналист қоғам мүддесі үшін адал әрекет етсе және бұл сотта дәлелденсе, оны жауапкершіліктен босату керек,

деді «Әділ сөз» қорының басшысы Тамара Қалеева.

Сонымен қатар ол еліміздегі журналистердің құқығы мен қауіпсіздігін қорғайтын ұлттық жоспар қажет екенін айтады. Құжат медиа қызметкерлері мен мемлекеттік органдардың мәселеге көзқарасын тоғыстыратын актіге айналуға тиіс.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago