Cалық

Көлігін 5 минуттан артық қыздырғандар айыппұл төлейді

Тұрғын үйлердің ауласында көлігін бес минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынбақ.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Мамандар қандай жағдайларда көліктерді ұзақ уақыт қыздыруға тыйым салынатынын және жаңа көліктерге қанша уақыт қажет екенін түсіндірді.

Көлікті енді тек белгіленген жерлерде ұзақ қыздыруға болады. Мамандар жол ережесі бойынша көлікті жол жиегінде жылытуға болатынын, тек оның ешкімге кедергі келтірмеуі керектігін ескертіп отыр. Тұрғын үйлердің ауласында 5 минуттан артық тұру айыппұлға әкеп соғады. Жергілікті тұрғындар оталып тұрған көлікке шағымданса, көлік иесі жауапқа тартылуы мүмкін. Олар «Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу» бабы бойынша жазаланып, 5 АЕК, яғни 18 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді.

Ауданда немесе автотұрақта көлікті тұрғындарға қолайсыздық тудыратындай етіп 5 минуттан артық оталдырып, өзі салонда болмаса, бұл – заңбұзушылық. Көлік бригадасы көбіне тұрғындар өтінішімен келген сәтте әдетте жүргізуші болмайды,

деді жол-көлік ережелерінің білгіші Михаил Будианский.

Мамандар жаңа көліктерді ұзақ қыздырудың қажеті жоқ екенін айтады. Көптеген автокөлік үшін қозғалтқышты шамамен 30 секунд қыздыру жеткілікті. Көлікті ұзақ қыздыру тек отын шығынын және зиян заттардың шығарындысын арттырады. Майдың температурасы 40 градусқа жетуі керек, содан кейін көлікті басқаруға болады.

Рас, бұл кем дегенде 15 минут оталып тұруы қажет дизельді автокөліктерге қатысты емес.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago