Әйгілі әнші Димаш Құдайберген Астанадағы медиафорумда сөз сөйлеп, Путин агрессиясын тоқтатуға шақырды.
Әншінің айтуынша қантөгісті қалайтындар мыңдаған жанды өлімге айдаған.
Халықтың ойын бұрмалап, соғысты жеке амбициясы үшін жүзеге асырып отырған мемлекет басшылары бар.
5 жарым мың жылда адам баласы 292 жыл ғана тыныштықта өмір сүрген. Бұл өкінішті жайт адамзат санасының бағзы замандардан бері көп өзгермегенін көрсетеді. Әлі күнге дейін талай елдер соғыс зардабын тартып, экономикасы, руханияты құлдырап жатыр. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шегуде.
Өз амбицияларын жүзеге асыру мақсатында мыңдаған жандарды өлімге айдап, ел мен елдің арасына сызат түсіріп жатқан соғысқұмарлықты қалай тоқтатамыз? Ол үшін не істеуіміз керек?
Адам өмірін адам өлімімен құтқару ешқандай да құтқару емес, ол – сылтау!,
деді әнші.
Орта ғасырдың өлшемімен ойлайтын Кремль Димаштың мәлімдемесін жауапсыз қалдырмасы анық. Ертеңгі күні қазақ әншісіне Ресейге кіруге тыйым салынса таң қалмаймыз.