Динара Сәтжан «блогерлер хиджаб кигені үшін ақша алады» деп Желіні шулатты

Демалыс күндері тележүргізуші Динара Сәтжанның хиджаб туралы жазбасы әлеуметтік желілерде дау туғызып, қызу талқыға түсті. Жазбасында тележүргізуші қыздарымыз болашақта жаппай қара хиджаб киіп кете ме деген қорқынышын жеткізіп, миллиондаған аудиториясы бар блогерлерге «оранғаны» үшін ақша ұсынылады деген долбарын жеткізді.

Ақшаны қайда беріп жатыр?

Сәтжанның жазбасы, әлбетте, хиджабтағы қыздарға ұнамады.

Ауғанстан? Сіз шын айтып тұрсыз ба? Ауғанстан (Ислам мемлекеті) мен Қазақстанды (зайырлы мемлекет) салыстыру қаншалықты логикаға сай? Альхамдуллилах, қазір киім-кешек көп, оранған қыздарға да сәнді киінуге болады. Қара — бұл көк, қызыл, ақ сияқты маджента. Ол жай ғана түс! Оған сонша мән берудің не қажеті бар? Білім деңгейі, күш пен сенімнің беріктігі оған байланысты емес. Бұл тхэквандо немесе каратэ емес. Толеранттылық пен кәсібилік оранған қыздардың тақырыбына келгенде таусылып қалды ма? Пікір жазатындар араб емес, қазақ бол дейді. Бірақ мен олардың ешқайсының камзол немесе ұлттық оюлармен көйлек киіп жүргенін көрмедім. Орамал мен кимешек туралы айтпағанда. Исламафобтар бізге, мұсылмандарға қалай өмір сүріп, не істеуіміз керегін айтқысы келеді. Мұсылмандар болса Алладан олардың иманға келуін сұрайды, құраннан аяттар келтіріп, орамалға қалай келгендерін айтып жатыр. Хиджаб араб тілінен аударғанда бүркеу, перде дегенді білдіреді. Бұл сөзді орамал, кимешек деуге де болады. Бірақ одан сөздің мағынасы ауыспайды,

деп жазды «орамалдағы» қыздардың бірі.

Продюсер Айсауле Әбілдә «оранып» жүрген қыздарға қоғамда дискриминация барын жеткізді. Айтуынша, ашық, не ыңғайсыз киініп жүргені туралы айтса, адамның киімі емес кәсібилігіне мән берілуі керек дейді де, жабық киінген қыздарды жаппай «талауға» дайын. Бұл мәселе гей-лесбиандарға да қатысты. Оларды да қоғам ақтап алуға дайын.

Сонда намаз оқып, ислам дінін ұстанатын жандардың ішінде адамгершілігі жоғары, адами қасиеті басым біреу болмағаны ма? Тіпті, шелпек, тұсау кесу, сүндеттеу салтына ғана қатты құрметпен қарайтын Динара Сәтжан ханымның өзі былтыр лифт оқиғасы кезінде екі жігіт лифтіде сүйкесіп тұрса да: “олар профессионал болса, жеке өмірінде не шаруамыз бар” деді, ал Мөлдір Әуелбекова “Әдемі қыздың” нотасына түсіп, кәсіби деңгейде шырқап тұрса, оның сырт киімінде кімнің қандай шаруасы бар?

деп жазды продюсер.

Және «жабық киінгені үшін ақша алады» деп анықталмаған, нақтыланбаған ақпаратпен айыптауы үлкен қателік дегенді айтады.  

Ақшаны кім қалай беретінін бір күні Ақорданың ауызашарында, келесі күні вино зауытының ашылуында жүрген сол кісі білмесе, тегін тамағы бар дәу ресторанның бір бұрышына да сыймай қалған дәстүрлі дін өкілдері біз қайдан білейік. Сіздің деңгейге жетейік деп инста коучтардың кедейлік сана деген тегін вебинарларын тыңдай-тыңдай өзіміз де шаршадық, ақша туралы бастаған екенсіз, қайда беретінін де нақты айта қойыңыз,

деп жазды Әбілдә.

Бәріміз теңбіз

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы да бұл тақырыпты айналып өтпеді, ол да парақшасында бұл мәселеге қатысты өз ойын білдірді.

Мойындаймын, мұндай киіммен фильмге түсу кезінде өзімді ыңғайсыз сезіндім. Басым, құлағым ауырды, денемді бос сезінгім келді. Маған әлі де еркін стиль, қысқа белдемшелер ыңғайлы екеніне көзім жетті. Бүгін әлеуметтік желілерде оранған қыздар үн қатты, олар «біздің құқығымызды таптады», деп пікірлерін айтуда.

Мен жай ғана бітімге келуді және бір-бірімен сыйластықпен өмір сүруді, әркімнің таңдауын құрметтеуді ұсынамын. Мен тыйым салудың кез келген түріне қарсымын. Жабық киінгіңіз келсе киініңіз. Алайда қысқа шорты киген қыздарды қолыңызбен шұқып көрсеткенді доғарыңыз.

деп жазды Баян Мақсатқызы.

Фобия мен өсек аралас бірдеңе

Қазақстандық экономист және президенттің экс-кеңесшісі Олжас Құдайбергенов те елдегі дін турасындағы дауға қатысты өз пікірін білдірді.

Экономистің айтуынша, әлеуметтік желілерде «исламофобия мен надандық есетін» көптеген «сарапшы» пайда болды.

ЛГБТ және басқа да ғажайыптарға төзімді адамдардың бір бөлігі хиджаб тақырыбына келгенде өре түрегеледі. Бұл екіжүзділіктен басқа ештеңе емес. Мұнда адам құқықтары мен әртүрлілікке ұмтылу туралы әңгіме жоқ, исламнан ада өз құндылықтарыңды таңу ғана бар,

дейді Құдайбергенов.

Ол сондай-ақ дінде мәжбүрлеу жоғын айтты, әр адам таңдауға құқылы.

Әр адам дінді ұстанғысы келе ме, жоқ па, парыздарды толығымен орындай ма, әлде кейбірін ғана орындағысы келе ме, бәрін өзі шешеді. Әр адам Алла алдында өзі үшін жауап береді. Бұл хиджабқа да қатысты. Кие ме — өз еркі, шеше ме — тағы да өз еркі. Бұл оның Алламен өз қарым-қатынасы,

деп жазды экономист.

Оның пікірінше, адамды адалдығы, жауапкершілігі, иігілігі, пайдалы болу қабілеті үшін бағалаған дұрыс. «Біреулер ақша үшін хиджаб киді» деген пікірді экономист «өсек пен фобия аралас бірдеңе» деп бағалады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

13 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

13 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

14 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago