Categories: Саясат

Динара Зәкиева бала құқықтары жөніндегі уәкіл болды

Динара Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды,

делінген Жарлықта.

Еске салайық, бүгін Президент жарлығымен Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатылған болатын.

Динара Зәкиева 1982 жылы дүниеге келген.

Бейжің Тіл және мәдениет институтын (Қытай 2001 жылы), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша (2002 жылы), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық құқық» мамандығы бойынша (Мәскеу, 2004 жылы); MBA Hult international business school (Дубай 2013 жылы) бітірген.

Еңбек жолы: «ТопЮрАудит» ЖШС бас директорының орынбасары (2004-2005жж.);

— Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бас маманы, ҚР Индустрия және сауда министрлігі (ақпан — тамыз 2005 ж.);

— «Antarex» ЖШС негізін қалаушы, «Rafe» мейрамханалар желісі, Астана қаласы (ақпан 2006 ж.);

— Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының сарапшысы, ҚР Президентінің Әкімшілігі (2007-2013 жж.);

— «Қасиетті Жол» қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы (2011 ж.);

— «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары хатшылығы басшысының орынбасары — партияның халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі (2013-2015 жж.);

— Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» КММ директоры (2017-2019ж.);

— «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы (2019 ж.);

— Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының басшысы (2019 ж.).

2021 жылғы 15 қаңтардан Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты болды.

«Құрмет» орденімен (2019 жыл), «АСТАНА 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2018 жыл) марапатталған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

4 часа ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

4 часа ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

5 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

1 день ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago