Categories: Саясат

Зүлфия – отыз жылғы Тәуелсіздік кезеңінде шын жылаған тұңғыш министр

Президент өткізген төтенше жиында Экология министрі жылап тұрды.

Зүлфия – отыз жылғы Тәуелсіздік кезеңінде шын жылаған тұңғыш министр.

Отыз жылда халықты аяусыз қанап келген әлі де қанай беретін мына безбүйрек үкіметтен қыстығып жылайтын бір министр шықты-ау ақыры.

Зүлфия, сенің көз жасың мына дүлей өртті сөндіре алмас, бірақ жылай түс. Президенттің қабылдауына барып, Үкіметте болып жатқан масқараларды айтып жыла, қауқарсыз премьер министрді отставкаға жіберіңіз деп жыла…

«Ескі Қазақстанның» күллі кадрын халықшыл, мемлекетшіл азаматтармен алмастырыңыз деп, жыла..

Билікті жайлаған жемқорлыққа тез арада төтенше шара қолданыңыз әйтпесе Тәуелсіздіктен айырыламыз деп жыла…

Үкімет отырысында да жыла…

Мемлекетке жемқорлық салдарынан қауіп төнді, сендер неғып отырсыңдар деп жыла…

19 миллион халықты тақыр кедей қылған кілең бетсіз, өңшең ұятсыздар деп жыла.

Шалбар киген сорлылар, еркек емессіңдер деп жыла…

Отанымды осыншама жегендерің үшін ұрпақтарың жауап береді, өлген соң көрлеріңде тыныш жатпайсыңдар деп жыла…

Алдарыңда ар соты, ұрпақ соты, тарих соты тұр деп жыла.

Бәрін айтып жыла, елдің зарын айтып жыла.

«Еститін үкімет» халықтың жан айқайын естімейді ғой, бәлкім өз ішінен шыққан жалғыз шенеуніктің көз жасын көрер, зарын естір…

Пікір иесі: Ерлан Төлеутай

Сая Манарбековна

Recent Posts

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 часа ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 часа ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

3 часа ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

1 день ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago