Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатынан жаңа деректер пайда болды. 1 шілде күні Самара-Шымкент тас жолының бойында болған жол көлік оқиғасынан үш жолаушысы көз жұмып, тағы төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған болатын.
Белгілі болғандай, Lada Largus көлігінде Батыс Қазақстан облысында жұмыс істейтін мұғалімдер болған, олардың үшеуі Оралдағы мектептерде қызмет еткен. Қалалық білім бөлімінің хабарлауынша қаза болғандардың бірі №47 орта мектепте дефектолог болып жұмыс істеген.
Ал артынша 27 жастағы сурдопедагог болып жұмыс жасаған қызметкер ауруханаға жеткізілген соң көз жұмды.
Айта кетейік, кеше Ақтөбедегі университетте сырттай оқып бітіріп, диплом алуға бара жатқан мұғалімдер жол-көлік оқиғасына тап болған еді.