Фото: видеодан алынған
Талдықорғанда сайлауға түйе мініп келген жергілікті тұрғын жұрттың назарын аудартты. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі жариялады. Ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында өткен саяси науқанда дауыс берушілер түйемен келді. Бір топ азамат дауыс беру кезінде ән мен жырдан шашу шашқан.
Ақпарат бойынша, талдықорғандық Ұлан Байзақов таңертең келіп, өзінің кандидаты үшін бірінші болып дауыс берді. 35 жастағы Байзақов соңғы 15 жыл бойы түйе асыраумен айналысып келеді. Әр демалыс немесе мереке сайын балалар мен ересектерді түйесімен серуендететін жігіт сайлауға түйе мініп, баян ойнатып, думандатып келді.
Ал Астана қаласының тұрғыны дауыс беру учаскесіне диванмен келді.
Ер адам сайлауға үйге киетін аяқкиім мен арқасына диван іліп алып келген. Қазақстандықтар бұл жайтқа қатысты таңданыстарын жасыра алмаған.
Бізді таңғалдыру мүмкін емес деп ойласақ, енді «диван сарапшылары» қандай болатынын көрдік..
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…