Categories: Саясат

Бұл не сұмдық? Тәуелсіз кандидаттар Тоқаевқа жүгінді

Мәжіліс депутаттығына тәуелсіз кандидаттар президент пен Орталық сайлау комиссиясынан сайлау нәтижелерін жоюды талап етіп отыр.

Бейнеүндеуді Instagram-да кандидат Санжар Бокаев жариялады. Видеодан талап қоюшылар қатарында Мұхтар Тайжан, Салтанат Тәшімова және басқа да белсенділер барын көруге болады. Олардың пікірінше, сайлау заңға сай өткен жоқ.

Ең сорақысы , олар хаттамаларды қолдан жасайды, бақылаушыларды қуып жібереді. Мұндай сұмдықтар тіпті ескі Қазақстанда болған жоқ. Тәуелсіз кандидаттардың атынан ел президенті мен ОСК төрағасына жүгініп, мұндай тәсіл жаңа Қазақстан тұжырымдамасының беделін түсіретінін айтқымыз келеді! Біз сайлауды, оның қорытындыларын мойындамаймыз. Заңсыз деп санаймыз!

деді белсенділер.

Еске салайық, кеше елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.

Дауыс беру кезіндегі сайлау туралы заңнама талаптарының бұзылу деректері аз болған жоқ. Мәселен, Алматының сайлау учаскелеріндегі өрескел бұзушылықтар видеоға түсіп қалды.

Шымкенттен шыққан шу да көптің құлағына жетті. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған фотолар мен аудиожазбаларға сүйенсек, қалада сайлау басталмай тұрып сайлаушылардың дауыстарын санап қойған.

Алматы облысының Қарасай ауданында жәшікке бірнеше бюллетень салған сайлау комиссиясының хатшысы қызметінен шеттетілді.

Сондай-ақ, Бас прокуратура дауыс беру кезінде үш өңірде сайлау туралы заңнаманы бұзудың 9 фактісі тіркелгенін мәлімдеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago