Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Әлеуметтік желіге шолу > «Диванный эксперт» — билік тыйым салған ұлттық партия». Желіде президенттің сөзі хитке айналды
Әлеуметтік желіге шолу

«Диванный эксперт» — билік тыйым салған ұлттық партия». Желіде президенттің сөзі хитке айналды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 13.12.2022
Обновлено 13.12.2022 в 04:12
Поделиться
Поделиться

Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайды халықтың нақты мұң-мұқтажына қарап емес, әлеуметтік желілердің лүпілімен, пікірімен бағалайтын билік басындағыларды сынға алды. 

Мазмұны
Шындықты жеткізудің жалғыз жолы«Диван батыр» дегенді ойлап тапқан өзімізӘлеуметтік желіден ұрлаған-жырлағандар қорқады

Президент әлеуметтік медиа бұқарамен байланыс орнатудың жалғыз жолы еместігін баса айтты. Сондықтан министрліктердің, әкімдіктер мен мемлекеттік аппараттың қызметкерлеріне виртуалды әлемге үйір болмауға кеңес берді. Өйткені оның жазасы шынайы өмірде өтелетінін еске салды. Сонымен қатар «диван сарапшыларына» қатысты да пікірін жеткізді. 

«Диван сарапшысының» әр пікірін халықтың қолдауы немесе керісінше жалпыға бірдей айыптау ретінде қабылдауға болмайды. Халықтың барлық санатының пікірі мен өтінішін ескеріп, мәселені тиімді шешу қажет. Миллиондаған қазақстандық күн сайын өз жұмысын адал атқарып жатыр. Отан игілігі үшін еңбек етіп жатыр. Олардың көбі саясаттан және әлеуметтік желідегі шудан алшақ. Міне, осы жандар еліміздің басты тірегі. Сондықтан да дәл осы адамдар, ең әуелі, «еститін мемлекеттің», елдің шынайы қолдауын сезінуі керек,

деді Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Facebook әлеуметтік желісін пайдаланушылар президенттің «диван сарапшылары» сөзін әртүрлі тәпсірледі. Тіпті кейбірі өздерін ресми «диван сарапшысымын» деп мойындап, диванда отырған суреттерін жариялай бастады.

Шындықты жеткізудің жалғыз жолы

Заңгер Ержан Есімханов президент бұлай дей тұра өте қатты қателесетінін жазды. Себебі әлеуметтік желілер қазір қоғам мен мемлекет арасындағы кері байланыстың негізгі құралы.

Қалыпты қоғамда басқа құралдар бар. Партиялар бар. Тәуелсіз БАҚ бар. Сайланған шенеуніктер бар. Ал біздің партиялар — бұл партиялардың пародиясы. Тәуелсіз БАҚ-тың көптеген мәселесі бар. Сайлау туралы бәрі түсінікті. Сондықтан кез-келген мәселе бірінші кезекте әлеуметтік желіде көтеріледі. Сол арқылы ғана мемлекетке мәселені жеткізуге болады,

дейді Есімханов.

Және де шенеуніктер әлеуметтік желілерде көтерілген кез келген мәселеге жауап бере бермейтінін, тек резонанстық жағдайларда ғана үн қосатынын жеткізді. Ал енді президенттің мәлімдемесінен кейін әлеуметтік желілерде жазылған мәселелер мәнсіз дүние болып қалуы ғажап емес.

Құқық қорғаушы Руслан Түсіпбеков дәл осы «диван сарапшыларының» арқасында қоғамның және биліктің назары өзекті мәселелерге аударылып жүргенін жазды. Айтуынша, әлеуметтік желілердегі шудың арқасында және мәселені дер кезінде көтеру арқылы жер шетелдіктерге сатылмайтын болды, үштілділік мәселесі жойылды, ЭКСПО-ның қажетсіз шығын екені айтылды, Қарағандыда «Орыс әлемі» кабинеттері жабылды, ресейлік насихатшылармен қатаң күресіп келеміз, Сбербанкке қаржы технологиямызды сатуға тосқауыл қойдық, Қырым, Қарабақ және басқа да өңірлік және халықаралық дау-дамайлар бойынша пікірімізді ашық білдіру арқылы мемлекет өз риторикасын түзеп келеді.

«Диван батыр» дегенді ойлап тапқан өзіміз

Журналист Диас Нұрақынның пікірінше, расымен де тисе терекке, тимесе бұтаққа деп бұрқырата беретін «сыншыл» сарапшылар көбейді.

Кеше біреудің ФБ да «Мемлекетті құлатып, басқа мемлекет құрмасақ болмайды» дегенін оқып шок болдым. Астына «өте дұрыс», «қолдаймын» деп коммент жазушыларда бар екен. Бұл таза халықты арандату. Қаңтардың жарасы жазылмай жатып, тағы бір дүрбелеңге үндеу. Меніңше, Қасым-Жомарт Тоқаев осындай сандырақ сөздері көп диван-батырларға қарата айтқан сияқты.

Президенттің әлеуметтік желіде отыратыны, ондағы біздің шимай-шатпағымыздың керегін түртіп алып, баяндамасына арқау ететінін аңғару қиын емес,

дейді журналист.

Айтуынша, «Диван батыр» деген сөзді өзіміз ойлап таптық және теңеу сөзді Президенттің лексиконына енгізген де өзіміз.

Тоқаевтың әлеуметтік желіде не жазып жатқанымызды оқитынын осыдан-ақ білуге болады. Сондықтан қоғамдағы өзекті мәселені көтеруден, жазудан жалықпайық. Бүгін болмаса ертең еститін құлақ табылады. Тек сын шын болсын, ағайын,

деп жазды Диас Нұрақын.

Әлеуметтік желіден ұрлаған-жырлағандар қорқады

Блогер Мейіржан Темірбек болса, осы атаудың құрметіне орай медальдар ойлап тапқан.

Әлеуметтік желі — үлкен күш! Елімізде педагогтар да осы желілердің арқасында бас қосты, әділетсіздік майданында «соғысты». Білім саласында ашықтық пайда болды.

Желіден кім қорқады? Ұрлаған-жырлағаны барлар ғана қорқады. Қай салада болсын ашықтық болмай ештеңе алға баспайды. Мемлекеттік органдарға сенімсіздіктен адамдардың басы осы желіге тоғысты. Жазатын нәрсе көп еді әттең…

деп жазды блогер.

Нұрлан Атош есімді қолданушы «Диванный эксперт — билік тыйым салған ұлттық партия» десе, Ержан Тәліп «Бүкіл Қазақстанның диван-батырлары, бірігіңдер!» деп үндеу тастады.

Суретші Мұрат Ділманов «диванный эксперт» иллюстрациясын салған.

ТЕГи: Главное, Трендте
Анара Бауыржанқызы 13.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?