2022 жылғы 3 тамызда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде шекара қызметінің деректері бойынша Қазақстанға күніне 4,4 мыңға жуық жүк көлігі кіретінін, оның ішінде 70%-ы шетелдік көлік екенін хабарлады.
Қазақстандағы жанар-жағармай құю станцияларындағы төмен бағалар орташа айлық тұтынудың шамамен 120 мың тоннаға өсуіне алып келеді.
Қазір министрлік резиденттікке, тұтыну көлеміне және көлік түріне байланысты дизель отынына бағаларды саралау бойынша бұйрық жобасын әзірлеуде.
Мемлекет басшысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Транзиттік көлік үшін және шекара периметрі бойынша сараланған бағалар әзірлеу арқылы дизель отынының тапшылығын болдырмау міндеті қойылды,
деді министр.