Доллар құны өсіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,61 теңгеге көтеріліп 480,16 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық Банк 27 шілдеге доллардың ресми бағамы 479,83 теңге болады деп болжаған еді.
Kurs.kz мәліметі бойынша, қазір Алматыдағы айырбастау пункттарында доллардың орташа сатып алу бағамы 480,78 теңге, сату бағамы 485,04 теңге болып тұр. Нұр-Сұлтанда долларды орташа есеппен 477,45 теңгеге сатып алып, 481,54 теңгеге сатып жатыр.