Оқиға

Домофон кілті арқылы ақша ұрлайтын алаяқтар пайда болды

Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының мессенджерінде QR-код көрсетілген домофонды ауыстыру туралы хабарландырудың суреті тарап жатыр. Хабарламада QR-кодты сканерлеп, домофонның жаңа кілтіне тапсырыс беру үшін сайтқа өту керек екені жазылған.

Алайда бұл алаяқтардың ақша ұрлау үшін ойлап тапқан жаңа әдісі болып шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Тұрғындардың бірі үйінің кіреберіс есігінде ілініп тұрған осындай хабарландыруға алданып, ақшасынан айырылған.

Әлеуметтік желілерде қолданушылар домофонды ауыстыру туралы басқарушы компаниялардың бірінің хабарландыруын таратып жатыр. Бірақ бұл хабарландырудағы ақпарат жалған. Осы сияқты хабарландыруларда көрсетілетін QR-кодты сканерлемеңіздер және күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіздер. Ең дұрысы, домофонды жөндеумен айналысатын қызмет көрсетуші компанияға хабарласып, анық-қанығын білу,

дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Тәртіп сақшылары соңғы уақытта осыған ұқсас хабарландырулар көрші елдерде де белсенді тарап жатқанын атап өтті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago