Шетел басылымына шолу

Дәрігерлер алғаш рет жатыр ауыстыру операциясын сәтті жасады

Британияда алғашқы жатыр трансплантациясы сәтті өтті. Науқастың әпкесі донор болды. Екі әйелдің де жағдайы жақсы. Бұл туралы ВВС хабарлайды.

Ота бір апта бұрын жасалды, бірақ ол туралы апалы-сіңлінің жағдайы біршама жақсарған соң енді хабарланды.

Ота Оксфордтағы ауруханада тоғыз сағаттан астам уақытқа созылды.

Екі әйел де есімін жарияламауды сұраған. Үлкені 40 жаста, оның екі баласы бар, ол енді балалы болмау жөнінде шешім қабылдаған.

Сіңлісі Майер-Рокитанский-Кастер-Хаузер (MRKH) синдромымен туған. Оған шалдыққандардың жатыры дамымайды немесе мүлдем болмайды. Оның басты белгісі – жасөспірім қыздарда етеккірдің болмауы. Оған әлемде 5 мың әйелдің бірі шалдығады.

Бірақ, ауыратын әйелдердің анабезі зақымдалмайды, қалыпты жұмыс істеп тұрады.

Бұған дейін мұндай науқастар суррогат аналардың көмегімен ғана балалы болған. Трансплантацияның көмегімен енді олар жүкті бола алады, бірақ табиғи жолмен емес, тек кесар тілігімен босанады.

Жатыр трансплантациясының басқа органдардан айырмашылығы – ол өмір бойына емес, әйел бала көтеру үшін тек бірнеше жылға жасалады. Кейін органды алып тастайды, әйел қалыпты өмір сүреді және иммундық жүйені төмендететін дәрілер қабылдамауға болады.

Операцияға дейін сіңлісі эмбриондар жасау үшін күйеуінің сперматозоидтарымен ұрықтандырылған жұмыртқаларды алу үшін овуляцияны ынталандырудың екі циклынан өткен.

Трансплантация сәтті болған жағдайда оларды донорлық жатырға трансплантациялау үшін ең өміршең бес эмбрион қатырылды. Жетекші хирург профессор Смиттің айтуынша, қазіргі уақытта трансплантацияланған жатыр «өте жақсы жұмыс істеп жатыр».

Осы жылдың күзінде Ұлыбританиядағы тағы бір әйелге басқа әйелдің жатырын салу жоспарланып отыр.

Тағы бірнеше науқас өз кезегін күтіп жүр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago