АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылғы президенттік сайлауға түсуге ниет білдірді.
Оның көмекшілері сайлауға ресми түрде өтініш берді, ал бұрынғы президенттің өзі Флоридадағы резиденциясында жиналған жақтастарына үн қатты.
Американың оралуы дәл қазір басталады!
деп жариялады Трамп.
Ол Ақ үйде өткізген төрт жылдық кезеңін мақтанышпен сипаттады.
Осы қысқа төрт жылда бәрі керемет болды. Бәрі бұрын-соңды болмағандай өркендеді,
деді ол.
Трамп қызметінен кеткен кезде экономика коронавирустық эпидемиядан туындаған құлдыраудан тез қалпына келгенін айтты.
«Енді біз құлдырап бара жатқан елміз», — деп жалғастырды ол, соңғы 40 жылда ең жоғары деңгейге жеткен елдегі инфляцияның күрт өскенін еске сала отырып.
Трамп сонымен бірге АҚШ-тың қазіргі президентін Украинадағы қақтығысты жеңе алмағаны үшін елді ядролық соғыс шегіне жеткізді деп сынға алды.
«Тіпті бүгінде Ресей ұшырған зымыран Польшаға ұшып кетті», — деді Дональд Трамп. — Адамдар ашулы және не істерін білмей жүр. Олар бәріне наразы».
Американы қайтадан ұлы және даңқты ету үшін мен бүгін Америка Құрама Штаттарының президенттігіне кандидатурамды ұсынамын,
деді ол жиналғандардың қошеметіне бөлене отырып.
«Айналамда осынша махаббат барда» маған көпшілік алдында сөз сөйлеу оңай, деп мәлімдеді ол.
Трамп осы сәттен бастап 2024 жылы дауыс беру күніне дейін ол тарихта әлі ешкім күреспегендей күресемін деп уәде берді.
Біз демократиялық партияның радикалды солшылдарын жеңеміз, олар біздің елімізді іштен жоюға тырысып жатыр,
деп қорытындылады ол.