Proud Boys (АҚШ-ғы неофашистік ерлер ұйымы) тобының жетекшісі Энрике Таррио 2021 жылдың қаңтарында Капитолийге басып кіріп, бұрынғы президент Дональд Трампты билікте қалдырмақ болғаны үшін 22 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл Proud Boys көшбасшысына қатысты шығарылған ең ауыр үкім болды. Трамптың жақтастары 2020 жылы президенттік сайлауда Джо Байден жеңіске жеткеннен кейін билікті басып алуға әрекеттенді.
39 жастағы Таррио соттан жеңілдік сұрады. Соңғы сөзінде ол Капитолийге шабуыл жасауды «ұлттың масқарасы» деп атады. Сонымен қатар ғимаратты ашулы Трамп жақтаушыларынан қорғаған полицейлерден кешірім сұрады. Таррио өзін «саяси фанат» деп санамайтынын және өз әрекетімен зиян келтіргісі келмегенін мәлімдеді.
Прокуратура Таррионы бұдан да ауыр мерзімге – 33 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Айыпталушының адвокаты өз кезегінде қорғауында «террорист емес, патриот» екенін айтып, сот үкіміне шағымданды.
Ал АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп билікті заңсыз ұстап қалуға тырысты деп айыпталуда. Оның соты 2024 жылы басталады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…