Әдебиет

Сөздік жасаудың салмағы: Латын әліпбиі сөздіктер саласына кері әсер ете ме?

11 жыл ішінде қазақ мектебінде оқитын оқушылар кем дегенде 4 мың термин меңгеріп шығулары керек, алайда Қазақстанда бүкіл терминологияны қамтыған сөздік әлі де жоқ.

Одан бөлек, сөздер базасымен жұмыс та аяқталмаған: 384 265 терминнің ішінде бекітілгендер саны 36 411 ғана. Анықтама жасауға кедергі болып тұрған басты нәрсе – латынға өту.

Бес жыл бұрын Парламент сенатының қабырғасында Оксфорд сөздігіне ұқсайтын қазақ тілі сөздігін жарыққа шығару мәселесі көтерілді. Ол сөздікте орфография, орфоэпия, сөз мағынасы болуы тиіс еді. Қазақстандық лингвист ғалымдарды қандай жұмыс күтіп тұр? Біз сөздік жасаудың әлемдік тәжірибесіне көз жүгірттік.

Ескі сөздіктер

4,5 жыл бұрын алғашқы сөздіктер жарық көре бастады. Жазу пайда болған соң түсініксіз сөздерді түсіндіретін глоссарийлер шықты. Глоссалар шумерлерде болған, ал толыққанды сөздіктер Ежелгі Қытайда дүниеге келген. Олардың ішіндегі бізге жеткен ең көнесі Эръя (б.з.д. III ғасыр) деп аталады. Тілімізге аударсақ, «классикаға жақындау» деген мағынаны білдіреді. Ол 13 113 иероглифке түсіндірме берген.

Грек-рим лексикографтары да глоссарий құрастырған. ІІ ғасырда рим грамматигі Веррий ФЛАКК De verborum significatu (“Сөз мағынасы туралы”) еңбегін жазды, өкінішке орай, бұл түпнұсқа күйінде бізге дейін жетпей қалды. Сөздер әліпби бойынша орналасып, жанына көркем шығармалардан үзінділер келтірілген. Бір әріптің өзі бірнеше томды құраған. Флакктың көп томдығы бірнеше рет басылып, нәтижесінде томдар азайды.

Бір адам жазған сөздік

Әдетте бір сөздікті жазып шығу үшін бүтін ұжым еңбек етеді. Әлемдік тәжірибеде толық сөздікпен жұмыс істеген жалғыз адам бар. Ол — Владимир ДАЛЬ.

Орыс тілінің түсіндірме сөздігін жазған Даль 200 000 сөз бен 30 000 мақал құрастырған. Бұл жұмыс 53 жылға жалғасты. Орта есеппен лексикограф күн сайын 10 сөздік мақала жазды деген сөз. Осы жұмыспен қатар, теңізде еңбек етіп, әскери дәрігер, офтальмолог, шенеунік болып үлгерген, өлең мен повесть жазып, ауыз әдебиетін жинақтаған.

Ол құрастырған сөздікте лектизм, авторлық неологизм, әдеби сөздер араласқан. Өйткені ол өздігінен үйренген филолог еді. Сөздікте діни тақырыпты қамтыған сөздер де болды. Дальдың өзі православиелік сенімдегі ғалым болғандықтан, дінді тілге де қосқан.

Ағайынды Гриммдер аяқтай алмаған сөздік

Атақты неміс ертегішілері бірінші кезекте кәсіби лингвист болғанын көбі біле бермейді. 190-дай жыл бұрын Якоб пен Вильгельм ГРИММ атты ағайындылар неміс тілінің этимологиялық сөздігін құрастыру жұмысына кірісті. Жұмыстың басында олар көмекшілеріне неміс тіліндегі сөздерді әдебиеттен жинау туралы тапсырма берген. 12 жылдан соң Якоб 65 жасында зейнетке шығып, өзінен бір жас кіші Вильгельммен бірге бастаған істі аяғына жеткізуге кірісті. Алайда жұмыстың көптігін түсінген олар күніне 12 сағат жұмыс істесе де, 1863 жылы тек F әрпіне әрең жеткен. Ағайындылардың ісін Гёттинген университеті мен Берлин ғылым академиясының ғалымдары жалғастырды.

Осыау анықтамалық басылым 320 мың анықтамадан тұрады, олардың этимологиялық түсіндірмесі бар. Жалпы салмағы – 84 килограмм. Ағайындылардың сөздігі неміс халқы бірлігінің нышаны болды. Сондықтан да «Ғасырдың ірі әдеби еңбегі» атағын алған.

Әр тоқсан сайын жаңаратын сөздік

Ағайынды Гриммдердің еңбегі көптеген филолог үшін үлгі болды, солардың арасында Оксфорд тіл мамандары да бар. Атақты Оксфорд сөздігі – ғалымдардың ақ адал маңдай тері.

160 жыл бұрын Лондон филологиялық қауымдастығының қызметкерлері сөздікті толықтыру керек деген бастама көтерді. Осылайша бүкіл ағылшын сөзін біріктіретін сөздік құрауды қолға алды. Жұмысты орындау үшін редактор Джеймс Мюррейге 10 жыл уақыт берген. Жарты уақыт өткенде лингвистер Ant (құмырсқа) сөзіне әрең жеткені анықталды.

Масштабты жоба 69 жылдан кейін қайта жанданды. Оксфорд сөздігінің алғашқы басылымы 10 томнан тұрды, 1928 жылы жарияланды. 1989 жылы екінші басылымы жарық көрді, осы кезден бастап құрастырушылар электронды нұсқа жасауды қолға алды. Қазіргі таңда Оксфорд сөздігінің онлайн нұсқасы бар. Оның ішінде 600 мың мақала, 3 миллион қысқа сөз, ағылшын тілінің мыңжылдық тарихы жатыр. Интернеттің арқасында жаңа сөздер жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап шығуда. Жаңа сөз шыққанда филологтар оны сөздікке енгізіп отырады.

Оксфорд сөздігі әр үш-алты ай сайын жаңарады. Соңғы жаңарған нұсқасына digital detox (адам гаджеттен демалатын уақыт), precarity (қауіпсіздік пен сенімділіктің жоғалатын кезі), lifelong learning (адамның бүкіл өміріне жалғасатын сабақ) сияқты сөздер қосылды.

Қазақ әдеби тілінің сөздігі

2011 жылы қазақстандық ғалымдардың еңбегі – 15 томдық қазақ тілінің сөздігі жарыққа шықты. Басылымда 91 500 сөз, 58 000 сөз тіркесі бар. Олардың ішінде қолданыстағы лексика, БАҚ тілі, диалектизм, фразеологизм, көне сөздер, халық ауыз әдебиетінен, қазақ классиктері туындыларынан алынған сөздер бар.

Сөздіктің басты айырмашылығы – сөздерде халық мәдениеті бар. Мәселен, Қасым жомарт пен Атымтай жомарт сөз тіркестерінің мағынасы «қолы ашық» дегенді білдіреді, алайда сөздің түп негізінде діни наным-сенім жатыр. Атымтайға Алла Тағала соншалықты жомарттық берсе, Қасым өз ұмтылысының арқасында жомарт адамға айналған. Бұл сөздердің астарында қазақ халқына тән қасиеттер жатыр.

Басылымда алғаш рет «би», «молда», «ишан» сөздері бой көрсетті. Бұл сөздер кеңес үкіметі кезінде қудаланған болатын. Сөздікте діни лексика кең қолданылған. Өйткені дін қазақ халқының өмірінде маңызды рөл алған, ала береді де.

Баспахана

Сөздік құрау жұмысы – өте ауыр еңбек. Терминология бойынша мемлекеттік комиссия соңғы бес жылдың ішінде тек 15 мың жаңа терминді бекіткенін ескертсек, қалған 350 мың сөздік жақын арада бекітілмейтін секілді. Оған 2023-2031 жылдар аралығында шығуы тиіс жаңа әліпбиді қосыңыз.

Бұл тұрғыда біз көріп тұрған ең дұрыс шешім –  Оксфорд сөздігі сияқты электронды онлайн-сөздік шығару керек. Бұндай сөздікте жоғарыда айтып кеткеніміздей жаңа сөздер үсті-үстіне қосылып отыратын болады.

Қазақ әдеби тілінің сөздігі мықты база ретінде қолданылса, құба-құп.

Автор: Мейіргүл Оңғарова

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago