АҚШ президенті Джо Байден CBS-ға берген сұқбатында пандемия аяқталғанын мәлімдеді.
АҚШ президентінен сұқбат алып отырған журналист Скотт Пелли Джо Байденнен мемлекетіндегі пандемияға қатысты жағдайды сұрады.
Пандемия аяқталды. COVID-ке қатысты проблемалар әлі де бар. Біз әлі де бұл тұрғыда жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ пандемия аяқталды. Байқасаңыз, ешкім маска тағып жүрген жоқ. Бәрі өзін жақсы сезінетін сияқты. Сондықтан бұл жағдай өзгеріп келе жатыр деп ойлаймын,
деп жауап берді АҚШ президенті.