Экономика

Етті ең аз жейтін Шымкент өңірі. Есесіне олар «нансоғар»

Отандастарымыз ет және сүт өнімдерін көбірек тұтына бастапты. Негізі бұрын да солай болған. Сірә, бұл біздің генімізге байланысты.

Мұндай пікірді тағамтанушы-ғалым Т.Шармановтың аузынан талай естігенбіз. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының үшінші тоқсандағы қорытындысында айтылған, деп хабарлайды TengeLife.

Тұрғындар ет және ет өнімдеріне табысының – 17%-ын, нан және жарма өнімдеріне  – 7,8%, сүт өнімдеріне – 5,4%-ын жұмсайды.

Статистиктердің пікірінше, Жетісу, Атырау, Ақмола облыстарының тұрғындары ет пен ет өнімдерін ең көп тұтынатын аймаққа жатады.

Ең аз ет жейтіндер шымкенттіктер. Есесіне олар «нан соғар» екен.

Статбюро өңірлер бойынша нан және жарма өнімдерін Түркістан облысының тұрғындары көп тұтынғанын жазады.

Жан басына шаққанда олар 44,1 келі (тоқсанына) тұтынса, ал Астана тұрғындары  бұл өнімдерді аз алады, жан басына шаққанда 23,6 келіден келеді. Бұған климаттың да әсері бар екені анық.

Өйткені, оңтүстік өңірде күн жылы болғандықтан, бұл жақтың халқы көкөністі көбірек тұтынады. Ал суық өңір тұрғындары -30-40 градуста ет жемесе, «өмірі қиындайды».

Сонымен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 2023 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтар ет пен ет өнімдерін – 0,7 келіге, сүт пен сүт өнімдерін – 1,2 келіге көп тұтына бастаған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago