Categories: Маңызды

Жұмыс істеуге кеткен екі қазақ шетелде жоғалып кетті

Жұмыс іздеп, Дубайға кеткен Исламбек Қазыбеков пен Жарас Сейіткәрімнен жақындары екі аптадан бері хабар ала алмай отыр.

Отандастарымыз Жаңа жылдың алдында белгісіз адамдардың айтуымен Таиландқа ауысқанын айтқан. Кейіннен Таиланд, Лаос, Мьянма елдерімен шектесетін «Золотой треугольник» деген жерде алданып қалғанын жеткізген. Содан бері хабар ошар жоқ. Ата-аналары жанын шүберекке түйіп отыр.

Исламбек Қазыбеков – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тумасы. Шығыстанушы мамандығын бітіре сала, шет елдерді аралап, көп тіл білуге құлшынды. Былтыр 8 қыркүйекте 25 жастағы жігіт Дубайға демалуға кетіп, артынша сонда қытайлық компанияға жұмысқа орналасып, тұрақтап қалған. Отбасына апта сайын хабар жеткізетін ол соңғы рет қызы мен достарына 27 желтоқсанда хабарласып, түсініксіз жәйттарды ескертіп үлгеріпті.

Оның жіберген геолокациясы Мьянма аралын көрсетіпті. Тайландқа кеткен азамат Мьянамда не істеп жүр?

Исламбекпен Тайландтың астанасына 23 жастағы Жарас Сейіткәрім де жеткен. Ол да қыркүйекте Дубайға нәпақа табу мақсатында кеткен. Алайда баласы жіберген видеода ол Бангкоктан өтіп бара жатқанын айтып, ол жердің ұнамайтынын жеткізген. Айлықтарын бермей отырғанын да айтқан. Ең соңғы хабарламасында паспорттарын алып қойыпты.

Исламбек пен Жарастың ата-анасы құзырлы органдарға, оның ішінде еліміздің Сыртқы және Ішкі Істер министрлігіне балаларының жоғалғаны жөнінде өтініш жазды.  Министрлік табыс табу мақсатымен шетелде құлдыққа түскен қазақстандықтар туралы пікір білдірді.

Оңтүстік-Шығыс Азияда біздің екі азаматымыз еңбек құлдығына тап болған. Олар өткен жылы желтоқсанның соңында Таиландтағы елшілік арқылы байланысқа шықты. Жоғалған азаматтардың ата-анасы бізге хабарласып көмек сұрады. Бұл алғаш жағдай емес. Бірнеше ай бұрын тағы бір азаматымыз осындай жағдайға тап болған еді. Біз оның елден шығуына көмектестік,

деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, шетелде жоғалған азаматтарды іздеу жұмысына мемлекеттік органдармен қатар үкіметтік емес ұйымдар да тартылады. Онда тек Қазақстан емес, басқа елдердің де азаматтары бар. Сондықтан мәселе кешенді түрде шешілуі қажет. Екі азамат бойынша мәселе Таиландтағы елшіліктің бақылауында. Олар былтыр консулға хабарласқан. Алайда қазір жоғалған екі азаматтан хабар жоқ. Осы орайда шетелге табыс іздеп баратын азаматтарды барынша абай болуға шақырамыз. Жұмысқа бармас бұрын келісімшартпен мұқият танысқан абзал. Бұл — азаматтардың жеке жауапкершілігі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago