Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Ең әділетсіз сот — әскери сот
Қоғам

Ең әділетсіз сот — әскери сот

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 26.01.2023
Обновлено 26.01.2023 в 11:01
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Өзім шығардым ба, әлде өзгеден естіп айтып жүрмін бе, білмеймін «сот түзелмей, ел түзелмейді» — деген сөзді мақал ретінде қолданғаныма біраз болды. Көпшілік, «сот әділетсіз» — дегенді бастарына іс түскен азаматтардың сөзіне қарап айтады, өйткені «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» ғой.

​     Неге сот, неге тергеу немесе қадағалаушы орган – прокуратура емес дерсіз?

​Өйткені барлық іс сотта ғана соңғы шешімін табады, егер сот бүгін әділетті шешім қабылдап бастаса, тергеуің ертесіне-ақ, автоматты түрде заңды қалыпқа түседі. Ол – аксиома, дәлелдеп жатуды қажет етпейтін әлемдік практика!

​Бірақ, соттардың да соты бар, қалың ел біле бермес, тіпті заңгер басымызбен кейде өзімізде шатысатын жағдайға жеттік, бізде осы күндері сот көп.

Ал санамалап айтайын, қазіргі таңда бірінші сатыда іс қарап, мемлекет атынан шешім қабылдайтын кем дегенде сегіз сот бар екен, олар; азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, экономикалық, ювеналдық, аса ауыр қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған сот, әкімшілік құқық бұзушылықтар қарайтын сот және әскери сот. Бұлардың әрқайсының бөлек ғимараттары, өз төрағалары бар және істерді қараудағы қалыптасқан өзіндік тәжірибелері бар.

​ Осы соттардың ішіндегі ең әділетсіз сот, менің бағамдауында, ол – әскери сот! Неге?

​Оған психологиялық жағдай себеп. Әрине жең ұшынан жалғасқан жемқорлық факторы әсер етпейді деп айта алмаймын, алайда ол барлық салаға тән жалпы белгілері. Ал, әскери істер бойынша сотқа дейінгі және сот тергеуі қалай жүргізілетінін қысқаша ғана суреттеп берейін:

​Әдетте, бұлаңдап еркін жүрген бозбаланың әскерге келген кезде ең алдымен үйренері не? Әрине тәртіп. Әскер қатарына қабылданған сәттен бастап, ол үшін командирі не бұйырсада, айтқаны орындалуы тиіс, ол әлемдегі барлық елдерде қалыптасқан ереже, бұлжымас қағида.

​Біздегі бір ғана айырмашылық – барлық деңгейдегі командирлер осы ережені өздерінің бас пайдаларына жарататындары. Құрылысқа салады, малдарын бақтырады, үйлерін көшіртеді т.б. Енді ол командирлерге сөздері өтетін әскери прокурорлар бар, оларға да оқтын-оқтын тегін жұмыс күші керек боп қалады, командирге бір қоңырау, болды, бір взвод сенің есігіңнің алдында тұр.

Сөйтіп жүргенде, қылмыс болады, біреу төбелеседі, біреу асылып өледі, соған орай тергеуден бұрын ішкі тексеру өтеді де, жоғары тұрған командир төменгісіне «бәрі былай деп жауап берсін» -деп тапсырма береді.

Әдетте іс жабық обьект (казарма, әскери бөлім т.б.) ішінде болғасын куәнің бәрі солдаттар боп келеді. Оларды басынан бастап сол жабық жерде тексереді. Ол байғұстарда ақылдасатын адвокат тұрмақ, адамы жоқ командирінен басқа, егер ішінен принципті біреуі шығып,  олай емес, былай деп басшылықтың айтқанына көнбей қойса, кешкісін қонар жер біреу, ол жерде сыбағасын беретінін жақсы біледі, амалсыздан айтқанға көнеді. Өйткені, бұйрық, тапсырма орындалуы керек, болды!

Әскери басқармадан тергеуші келгенше барлық солдат бір жауап айтып тақылдап тұрады, тергеушіге де керегі сол емес пе, тез-тез шаруасын бітіріп, кезекті істі аштым, дәлелдедім деп, істі әскери прокуратураға жібереді, олардың жұмысы айыптау актісімен сотқа жіберу, болды. Сол айыптау актісінің өзін оларға тергеуші дайындап, тек қол қоятын қып әкеп береді.

    Ал сот ше?

Барлық куә-солдатты бір көлікке тиеп, әскери тәртіп-строймен алып келеді, әуелі бөлімдерінде, кейін жол үстінде де тергеуде берген жауаптарын сотта қайталау қажеттігін «түсіндіреді». Сотқа куә жауап берді ме, берді, ал оның жауабы қаншалықты шындыққа сай келеді, оған бас ауыртып керегі не? Ылдым-жылдым істі қарап, тезірек үкімін оқып, үйіне қайтуға асығып отырған адамнан не сұрайсың, қандай әділдік күтесің?!

Міне, әскери соттарда істер шамамен осылай, «әскери тәртіппен» қаралып жатады, былтырғы жылдың нақты статистикасын білмеймін, бірақ бұрындары бір жылда бір іс ақталмай өтіп кете беруші еді әскери соттардан, қазірде қатты өзгеріп кеткеніне күмәнім бар.

Енді, әскери саладағы істер бойынша жылдар бойы қатып-семіп қалған тәжірибені менің әріптесім Сержан Пралиев бұзды кеше! Ол ешкімнен қорықпастан, қорғауындағы жазықсыз жанды қорғаймын деп, өз басын қатерге тіге отырып, бұлтартпас айғақ – бір емес үш сараптама қорытындысына сілтеме жасап, батыл мәлімдеме жасады! Әскери бөлім (мүмкін гарнизон) басшысының ойлағанындай болмай қалды. Іс бақылаудан шығып кетті.

Енді тергеу объективті жүре ме, жоқ сол баяғы ескі сарында кете бере ме, ол Сіз бен бізге, яғни қазақ қоғамына байланысты, ағайын! Ішкі істер министрлігі әріптесіме шабуылды бастапты,

деп жазды заңгер Абзал Құспан Фейсбук парақшасында.
ТЕГи: Главное, Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 26.01.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?