Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > «Ең кедей отбасында өстім»: Айнұр Тұрсынбаева жоқшылықтың зардабын әбден көргенін айтты
Басты жаңалықтарҚоғам

«Ең кедей отбасында өстім»: Айнұр Тұрсынбаева жоқшылықтың зардабын әбден көргенін айтты

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 25.08.2022
Обновлено 25.08.2022 в 04:08
Поделиться
Поделиться

Айнұр Тұрсынбаева жеке өмірінен сыр шертіп, бала кезінен қиындық көріп өскенімен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Десе де, Тұрсынбаеваның айтуынша әрекет еткен адам кез келген тығырықтан жол таба алады. Адам бақытсыз болып немесе кедей болып тумайды. Кез-келген адамның бақытты, бай болуға қақысы бар, деп сенеді айтыскер ақын.  

«Менің өмір тарихымды білмейтіндер көп. Мен біздің Көкжыра ауылындағы ең кедей отбасында өскенмін. Пойызға алғаш 12 жасымда міндім. Оған дейін мен тіпті кәдімгі «Жигулиге» мініп көрмегенмін. Тек сары автобуспен жүретінбіз. 

Апам ауылда ішек-қарын тазалап, ақша табады. Мектепке киетін форманы алатын ақша жоқ, бір форманы 4 жыл кигенмін. Бойым өсіп кеткен, көйлек сыймай тырысып тұрады. Қимылдасам, сөгіліп кете беретін,

дейді Тұрсынбаева.

Жыртық киімдерінен Тұрсынбаева талай рет сыныптастарынан ұялып, жерге қараған кездері де болған.

Пимам болатын, көп сырғанағаннан ескіріп кеткен, табаны тесіліп қалған. Осы пимамен 2-3 жыл жүрдім. Шылқылдаған су, қақаған аяздан тапқаным – ревматизм. Әлі күнге дейін күн бұлттанса, аяқтарым қақсап кетеді. 

Бір күні сабақ өтіп жатқанда бір апай кіріп келді. «Осы класста көмекке мұқтаж оқушы бар ма?» деп сұрады. Мұғалімнен бастап бүкіл класс маған қарады. «Иә, бар, Айнұр Тұрсынбаева. Оның пимасы да, пальтосы да жыртық» деп шулап кетті. 

Содан бастап маған жыл сайын мектептен арнайы киім берілетін болды. Жап-жаңа етік пен әдемі пальтоны бірінші рет сол кезде кидім. Мен сол жағдайдан шықтым,

деп сыр шертті Тұрсынбаева.

Бүгінде Айнұр Тұрсынбаева қайырымдылықпен кеңінен айналысады. Өзінің арнайы қайырымдылық қоры бар. Тұрсынбаева кітабын сатып алғандар арасынан лотерея ойнатып, өзінің пентхаусын ұтысқа қойған болатын. Және пандемия кезінде Қазақстанға бірнеше оттегі аппаратын жеткіздірген. Одан бөлек өмірлік серігімен бірге үздік оқитын, көп балалы отбасынан шыққан бірнеше балаға шәкіртақы төлеп тұрады.

Анара Бауыржанқызы 25.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?