«Егемендігі жоқ»: Қытай өз елшісінің даулы сұхбатына қатысты мәлімдеме жасады

КСРО ыдырағаннан кейін құрылған мемлекеттердің егемендігі жоқ. Қытайдың Франциядағы елшісі Лю Шэй осындай мәлімдеме жасады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ол бұл туралы француздық La Chaîne Info телеарнасының эфирінде айтқан. Елшісінің айтуына қарағанда, КСРО ыдырағаннан кейін құрылған мемлекеттер жаһандық құқықта тиімді мәртебеге ие емес, өйткені олардың мәртебесін егеменді елдер ретінде нақтылайтын халықаралық келісім жоқ.

Сонымен қатар журналист елшіден «Қырым қай елдің аумағы?» деп сұраған. Бұл сұраққа елші «сіз қалай қабылдайсыз – соған байланысты» деп жауап береді.

Қырым басында Ресейдікі болған, кейін Хрущев оны Украинаға берді,

деп жауап берді ол.

Қытай Сыртқы істер министрлігі Бейжің КСРО құрамында болған барлық елдердің егемендігін құрметтейтінін мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Қытай бұрын КСРО құрамында болған барлық елдердің егемендігін құрметтейді,

деді Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин дүйсенбі күнгі брифингте.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago