Egov mobile қосымшасында азаматтардың медициналық деректері бар бөлім пайда болды

Қазақстандықтар өздерінің барлық медициналық дерегін eGov mobile қосымшасы арқылы көре алады. Барлық ақпарат бір бөлімде шоғырланады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.

Дәрі-дәрмектерді тағайындау, диспансерлік есепке алу, медициналық анықтамалар, вакцинация, ауруханаға жатқызу, емделу туралы мәліметтер және басқа да маңызды ақпарат, соның ішінде балалар туралы ақпарат eDensaulyq бөлімінде қолжетімді болады.

Мұның бәрі бірыңғай медициналық сервисті құру бағытындағы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. eDensaulyq бөлімі Қазақстан азаматтарының қажетті медициналық деректерімен толыға береді, сіздер өз деректеріңіздің толықтай жүктелмегенін көрсеңіз, олардың жақын арада пайда болатынын атап өтемін. Цифрландыру жүрген жерде ашықтық принципі қашанда бірінші орында. Біз осы қосымшаны енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын кедергілерді жоюға ниеттіміз,

деді министр.

Оған қоса пайдаланушы қосымшада көрсетілген ақпаратпен келіспесе, онда сіз call (1406) орталығына немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Telegram-боты арқылы өтінішін білдіре алады. 

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago