Орысша-қазақша бұрқыратқан басқа боқтық сөздерін санамағанда, бір жарым сағаттық кеңесте бұл әкім 71 рет «б»-дан басталатын сөзді айтқан.
73 рет бағыныштыларын үш әріптен тұратын жаман жерге жөнелтіп жіберіпті.
Сөйлеп отырған сабаз – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі. Оның бұл сөздері аймаққа тасқын су келген наурыз айында жазылған екен.
Сол себепті Марат Тоқжанов кешірім сұрап отыр.
Басқаша түсіндіріп отыруға уақыт аз болды деп,
ақталады шенеунік.