«Екі әйелім бар»: оралдық бизнесменнің өліміне айыпталушы өзін тұтқындамауды сұрады

Руслан Қожантаев әйелдерінің бірі жүктіліктің соңғы айында екенін де айтты, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталының тілшісі.

10 тамызда мамандандырылған тергеу соты БҚО полиция департаменті тергеушісінің 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қарады.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, күдіктілер 6 тамыз күні «Рахат Лукум» караоке мейрамханасының ғимаратында болып, мекеме иесі Еркін Мұханғалиевпен кездескен. Олардың арасында жанжал туып, Қожантаев жиналмалы пышағын Еркін Мұханғалиевтің мойын және кеуде тұсы сияқты өмірлік маңызды мүшелеріне кем дегенде үш рет сұққан. Осы кезде тура қасында тұрған Амангелді сөмкесінен пышақ алып шыққан. Пышақпен қорқытып, мекеме әкімшілігіне баратын жолды жапқан.

Жанын сақтауға тырысқан Мұханғалиев ашық тұрған терезеден секірмек болған. Осы кезде Қожантаев оның бел аймағын тағы бірнеше рет пышақтаған. Одан әрі жаралы Мұханғалиев орталық стадионға қарама-қарсы тұрған көлік тұрағына қарай жүгірген. Күдіктілер оны қуып жетіп, Амангелді оны жерге құлатып, бірнеше рет тепкілеген. Осы кезде Қожантаев жүгіріп келіп, одан пышақ сұрайды. Амангелді оған пышақ берген. Қожантаев бизнесменді, кем дегенде, тағы алты рет пышақтаған. Мұханғалиев алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қожантаев пен Амангелді қылмыс орнынан қашып кеткен,

деп прокурор Тәжғалиева оқып берді.

Эксперт қорытындысы бойынша, Еркін Мұханғалиев мойын, кеуде, бел аймағының пышақ жарақатынан, сол жақ ұйқы артериясы, оң бүйректің зақымдануынан және маңдай сүйектерінің сынуынан қайтыс болды.

Қожантаев пен Амангелдінің тұрақты табыс көзі жоқ екенін, олардың аса ауыр қылмыс жасағанын, содан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынғанын ескере отырып, олардың жасырынып, объектив тергеуге кедергі келтіруіне, жәбірленушілер мен куәгерлерге қысым көрсетуіне жеткілікті негіз бар. Соттан полиция департаменті тергеушісінің өтінішін қанағаттандырып, Қожантаев пен Амангелдіні 2 айға қамауға алуды санкциялауды сұраймын,

деп оқыды мемлекеттік айыптаушы.

Руслан Қожантаев тергеу дәлелдерімен келіспеді. Ол екі әйелі (біреуі жүктіліктің соңғы айында), балалары және үйі бар екенін айтты. Сол себепті соттан өзін 2 айға қамауға алмауды сұрады.

Ал Тұрлан Амангелді сотта Руслан Қожантаевтың қысым көрсеткенін, сол күні қасында болуға мәжбүрлегенін айтты. Айтпақшы, екі айыпталушы да бұрын сотты болмаған.

Судья Исмаилованың санкциясы арқылы Руслан Қожантаев пен Тұрлан Амангелді екі айға қамауға алынды. Былайша айтсақ, тергеу барысында айыпталушылар қамауда болады.

Еске салайық, қайғылы оқиға 6 тамызда сағат 20.00 шамасында болған. Белгілі бизнесмен Еркін Мұсанғалиев дәмханада екі жігітпен сөйлесіп отырған. Кенет жанжал басталып, жігіттердің бірі кәсіпкердің мойын тұсына пышақ сұққан. Артынша тағы бірнеше рет сұғады. Кәсіпкер жараланса да терезеден секіріп, қашуға тырысқан. Алайда күдіктілер оны қуып жетіп, ақыры өлтіріп тынған. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Бақылау камералары арқылы полицейлер екі күдіктінің кім екенін бірден анықтады. Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 1991 жылы туған Қожантаев Руслан Фархатұлы, 2001 жылы туған Амангелді Тұрлан Сырлыбайұлына іздеу жарияланды. Олар кісі өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Uralskweek басылымының хабарлауынша, жәбірленуші мен күдіктілер арасында жұмысқа байланысты келіспеушіліктер туған. Кәсіпкер жұмысшыларға уақтылы жалақы төлемей, көбіне қарыз болып қалған. Ал қылмыс жасады деген күдіктілер оның қол астында жұмыс істеген.

Айыпталушылар 8 тамызда сағат 10:30 шамасында «Көктем» саяжайында ұсталды. Олар екі күн бойы сол жерді паналап жатқан.

Екі айыпталушы да ҚР ҚК 99-бабы, 2-тармағы «Кісі өлтіру» бойынша 20 жылдан бастап өмірінің соңына дейін абақтыға қамалуы мүмкін. Қылмыстық іс Ішкі істер министрлігінің бақылауында.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago