Categories: Қоғам

Екі жылда әйелін ұрған 37 мың еркек сотталды

Елімізде екі жылда отбасында жанжал шығаратындар қолынан 300 адам көз жұмды.

Бұл туралы Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, қазір уәкіл кеңсесі тұрмыстағы әрі отбасындағы зорлық-зомбылық пен әйелдердің құқықтарын бұзу мәселелеріне талдау жүргізіп жатыр.

Бұл мәселе бүкіл әлемде өте өзекті. 736 миллион әйел түрлі зорлық-зомбылыққа ұшырады. Оның 640 миллионнан астамы (87%) — 15 жастан асқан қыздар мен әйелдер. Тек кейінгі екі жарым жылда елімізде отбасындағы агрессорлар 300 адамның өліміне себепкер болды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 913, ал денсаулыққа орташа зиян келтірудің 837 жағдайы тіркелді. 37 мыңнан астам адам түрлі жауапкершілікке тартылды,

делінген уәкіл кеңсесі мәліметінде.

Сарапшылардың айтуынша, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың негізгі себептеріне әлеуметтік-экономикалық факторлар және қоғамдағы гендерлік стереотип мәселесі әсер етіп отыр.

Айта кетсек, Қазақстанда қыз алып қашу әрекетіне жауапкершілік күшейтіледі.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago