Павлодар облысының ПД жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.
24 сәуірде Екібастұзда еріген суларда, Қ. Нұралин көшесіндегі ескі зиратқа кіре берісте полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Қаңқалы мәйітте: «Челси» футбол командасының эмблемасы бар Adidas фирмасының көк түсті футболкасы; Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорттық шалбар; сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлықтары бар,
делінген хабарламада.
ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.