Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқев Екібастұздағы апат мәселесіне тоқталды.
Оның айтуынша, апат мемлекеттік органдардың жылу беру маусымына жауапсыз қарағандығынан болып отыр.
Екібастұзда болған оқиға – нағыз апат. Осы қала тұрғындарына шыдамдылық танытып, азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен еріктілерге жұмысы үшін алғыс айтқым келеді. Бұл жағдай мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектілерінің жылу беру маусымына деген жауапсыздығын айқын көрсетті. Бізде қордаланған мәселелерді жасыру тәжірибесі бар. Бұл жоб үшін зор ресурстарды қажет ететін ауқымды салдарға әкелді. Меніңше, біз сабақ алуымыз керек, тергеу жүргізуіміз керек — бұл неге болды. Содан кейін тиісті шешім қабылдаймыз.
деді мемлекет басшысы.