Екібастұздағы «әкімдікке мина қойылған» деп жалған хабар берген күдікті дәл осындай қылмысы үшін бұрын сотталған болып шықты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
6 желтоқсан 20.30-да Екібастұз полициясына әкімдік ғимаратына бомба салынғаны туралы ақпарат келген.
Оқиға орнына дереу барлық қызметтер жіберілді. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері әкімдік ғимаратында тексеру жүргізді. Тексеру кезінде ғимаратта 3 қызметкер болды, эвакуация жүргізілді. Жарылғыш заттар ғимаратта ешқандай күдікті және жарылғыш құрылғыларды таппады. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар»бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижесінде полиция күдікті-Екібастұз қаласының тұрғынын ұстады. Өз кінәсін мойындады,
деді Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.
Полиция күдіктінің 2019 жылы осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғанын атап өтті.