Екібастұздағы ЖЭО: Клебановтың тасасында кім тұр?

27 қарашада Екібастұздағы жылу желілеріндегі апатқа байланысты үйлерге жылу беру қызметі тоқтады. Салдарынан қаладағы 17 көпқабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды нысанда жылу жоқ. Тіпті Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды. Қазір қала халқы қақаған аязды күні бүрсеңдеп, тоңып отыр. Осы орайда, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров апаттың болуына кінәлі азаматтар жазадан құтылмауы тиіс дейді.

Депутаттың айтуынша, бұл апаттың ар жағынан жемқорлық иісі аңқиды.

«Жемқорлар жазасын тартуы тиіс. Клебановтың тасасында кім тұр?!

Еліміздің энергетикалық активтеріне аудит жүргізіп, осы игіліктерді әділетсіз иеленіп, түскен қаржыны жаңғыртуға салмай, өз қалтасына салған нақты азаматтар заң алдында жауапкершілікке тартылуы қажет. Мысалы, Екібастұздағы ТЭЦ-тың иесі Клебанов деген азамат дейді.

Біріншіден, мұндай «мемлекет үшін стратегиялық объект жеке адамның иелігіне қалай өтті?» деген заңды сұрақ туады. Ондаған жылдар бойы Клебанов тәрізділдер және оның сыбайластары халықтан түскен ақшаны, ұялмай-қызармай, өз қалтасына салып отырған ба? Егер олай болса, Ұжымдық Клебановтардың сыбайластары да жазадан құтылмауы қажет», – деп жазды Ерлан Саиров.

Энергетика министрлігі Қазақстан аймақтарындағы жылу электр станцияларының меншік иелерін жариялады. Министрліктің мәліметіне көз жүгіртсек, еліміздегі жылу ЖЭС-ның жартысынан көбіне жеке адамдар иелік етеді. Мысалы, 22 ЖЭО жекеменшік, 10-ы мемлекеттік, 5-і квазимемлекеттік иелікте.

Ал Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қала тұрғындарына видео үндеу жолдап, жылу мәселесі қалай реттеліп жатқанын түсіндірді.

Жағдай бақылауымызда. Арнайы штаб құрылды.  Сағат 11-дегі жағдай бойынша  станцияда су тұтыну үш есеге өскен. Судың ағып кетуіне тест жасалды, станцияда су азайып жатқан жоқ. Бұл жылу желілерінде апат болғанын білдіреді. Бірнеше дрон іске қосылды. 10 ақау анықталды. Ақау анықталған орындарда арнайы бригадалар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр,

деді аймақ басшысы.

Еске салсақ, Екібастұзда жылу электр орталығындағы бірнеше қазанагрегат тоқтап, тұрғындар жылуға жарымай отыр. Компанияның хабарлауынша, 27 қарашада сағат 01:20-да №11 қазанагрегат тоқтап қалған. Сағат 01:30-да желілік судың көп шығындалуына байланысты №13, 14, 15 қазандық агрегаттары істемей қалған.

Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

6 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago