Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Екінші деңгейлі тұрғын үй бағасы қайта арзандай бастады
Экономика

Екінші деңгейлі тұрғын үй бағасы қайта арзандай бастады

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 11.07.2023
Обновлено 11.07.2023 в 10:07
Поделиться
Фото: pixabay.com
Поделиться

Екінші деңгейлі тұрғын үйлер нарығындағы баға қайтадан құлдырады. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша маусым айында жалпы республика бойынша тұрғын үй құны 0,5 пайызға арзандап, 486,9 мың теңге болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

DataHub Бірінші кредиттік бюро сарапшыларының пікірінше, баға соңғы 4 айдың үшеуінде біршама төмендеген. Яғни, мамырдан бастап баға өзгерісі байқалады.

Екінші деңгейлі тұрғын үйлер бағасы ақпаннан бері көтерілген жоқ. Қазір республика бойынша орташа есеппен баспананың әр шаршы метрі жыл басындағы көрсеткіштен гөрі екі пайызға арзан. Ал бір жыл бұрынғыдан 1,9%-ға көп, инфляция аясында бұл – жақсы көрсеткіш.

Қай өңірде үй арзандады?

Белгілі болғандай, маусым айында екінші деңгейлі тұрғын үйлер бағасы 6 ірі қалада төмендеді:

Көкшетау – 4,2%-ға;

Ақтау – 2,5%-ға;

Алматы – 1,2%-ға;

Өскемен, Қарағанды ​​және Қостанайда 0,4%-ға арзандады.

Ресми статистика көрсеткендей, баға тек Талдықорған қаласында 1,1%-ға өскен. Қалған қалалардың бәрінде маусымда екінші деңгейлі тұрғын үй бағасы өзгерген жоқ.

Жаңа салынып жатқан үйлердің бағасы қандай?

Жаңа салынып жатқан үйлердің бағасы әлі де қымбаттап жатыр. Өткен айда жаңа тұрғын үй бағасы 0,2%-ға (жыл басынан бері – 1,7%-ға) қымбаттады. Өсім 4 қалада байқалады:

Семей – 2,8%-ға;

Шымкент – 2,1%-ға;

Талдықорған – 1,4%-ға;

Ақтауда 0,5%-ға қымбаттаған.

Көкшетауда жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 3,1%-ға арзандады. Басқа қалаларда баға өзгерген жоқ.

Республика бойынша жаңа баспананың әр шаршы метрінің орташа құны 4– 86,9 мың теңге.

Пәтерді жалға алу құны арзанды ма?

Нарықта пәтерді жалға алу бағасы да біршама арзандады. Маусымда бағаның 0,5%-ға төмендегені байқалады. Дегенмен баға өзгерісін тек үш қаладан көреміз: Алматыда (-0,8%) және Қостанайда (-0,2%) баға төмендесе, керісінше, Шымкентте (0,9%) аздап көтерілген.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрін жалға алу орташа есеппен 4 633 теңге тұрады.

Нарықтағы баға өзгерісі

Сарапшылар Астанадағы (587,4 мың теңге) жаңа баспананың Алматыдағыдан (549,4 мың теңге) қымбаттай бастағанын айтады. Екінші деңгейлі тұрғын үйлер, керісінше, Алматыдан «614,2 мың теңге) гөрі елордада (601,7 мың теңге) қолжетімді.

Республиканың 20 ірі қаласының 14-інде жаңа құрылыстар бұрын салынған үйлерден арзанырақ. Маусымдағы құлдыраудан кейін Көкшетау Қазақстанның ең арзан қалаларының біріне айналды. Бұл қаладағы екінші деңгейлі тұрғын үйлер бағасы 296,7 мың теңге тұрады. Ең арзан үйлер Тараз қаласында – 293,9 мың теңге.

Қазақстан бойынша екінші деңгейлі тұрғын үйді өтеу (сатып алу бағасының жалға алу құнына қатынасы) орта есеппен 109 айды құрайды. Бұл 9 жылдан сәл көбірек уақыт. Ең ұзақ көрсеткіштер Семей (184 ай немесе 15,3 жыл) және Талдықорған (178 ай немесе 14,9 жыл) қалаларында тіркелді. Алматыда көрсеткіш 114 ай (9,5 жыл), Астанада 135 ай (11,3 жыл) болып отыр.

ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы, Экономика
Сая Манарбековна 11.07.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?