Categories: Қоғам

«Екінші Назарбаев» Семейде тұрады

Оның да отыз жыл бойы орнын босатпайтын әдеті бар екен.

Абай облысының орталығы Семейден 300 шақырым жерде орналасқан Қайнар ауылындағы аурухананың зейнет жасындағы бас дәрігері қалада тұрады. Ауыл тұрғындарына бұл әрине, ұнамайды.

Бұл туралы massaget.kz тілшісі жазыпты.

Өзі Семейде тұрады. Тіркеуі де сонда. Ауылдағы аурухананы онлайн, яғни, телефонмен басқарып отыр. Ауылға келмейді.

Қаладағы үйіне барып, құжаттарға қол қойдырамыз. Бүкіл қаланы аралап жүріп үйін іздейміз. Бұл кісі зейнеткер. Отыз жылдан бері орнын ешкімге бермей отыр. Халыққа жаны ашыса, ақшасының бір бөлігін аз жалақы алатын санитарларға, еден жуушыларға берсін,

дейді атын атағысы келмеген ауыл тұрғыны.

Бұл аурухананың жұмысын осыдан екі жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов сынға алған болатын.

Аймақ басшысы медициналық мекемені аралағанда шкафтың есігі әкімнің көз алдында құлап түскен еді.

«Бұл не сұмдық? Үйіңізде тазалық бар ма? Мына ауруханаға неге өз үйіңіздей қарамайсыз?

деп сын садағына алған еді сол кезде әкім аурухананың бас дәрігерін.

Айта кетейік, бұл аурухана Абыралы өңірінің 2500 тұрғынына қызмет көрсетеді. Қайнар ауылы бұрын Абыралы ауданының орталығы болған.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago