Қазақстандық зооқорғаушылар пікірінше, ақбөкендер Батыс Қазақстан облысынан Ресей Федерациясының Астрахан облысының аумағына үдере көшіп жатыр.
Орал тұрғыны Анаргүл Әмірова айтуынша, жануарлардың Ресейге үдере көшуінің басты себебі — ел билігінің оларды атуға кірісуі.
Мен Ресей Федерациясының табиғат министрлігінен оларды біздің қаскөйлерден қорғауды сұрадым.
Ресей оларға қастандық жасамайды, өйткені олар бөкендердің сирек кездесетін түрінің құндылығын түсінеді.
Менің өтінішім тіркелді және жақын арада маған жауап берілетінін айтты,
деді Анаргүл Әмірова.
Сонымен қатар, әйел жеке пикетке шығуға және Қызыл кітапқа енген жануарларды атуды тоқтату жөніндегі талабын көп құлаққа естіртуге дайын екенін атап өтті.
13 қазан күні Астрахан облысының қорғалатын аумағына 19-20 мыңға жуық бөкен қоныс аударған. Олардың ішінде биыл ғана туылғандары көп.