Categories: Саясат

Экс-министр Ильинге елден шықпау туралы шектеу қойылды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына келген бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтен тілшілер Төтенше жағдай экс-министрі Юрий Ильинге Қазақстаннан шықпау туралы шектеу қойылғаны қаншалықты рас екенін сұрады.

Ондай шектеу қойылмады. Қазір бұл қылмыстық іс бойынша ешкімнің іс-әрекеті сараланған жоқ. Тергеудің басталғанына шамалы ғана күн өтті. Сондықтан мұнда сіз айтқан лауазым иесі де және басқа да лауазым иелеріне әлі қылмыстық іс бойынша статус жоқ,

деді Жандос Өмірәлиев.

Тілшілер бас прокуратура саралағанша, олар Қазақстаннан кетіп қалмай ма? деп сұрақты нақтылады.

Тиісті тергеу тобы барлық шараларды қолданып жатыр,

деді ол.

Айта кетейік, Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өртті дер кезінде ауыздықтай алмаған экс-министр Юрий Ильиннің әрекеті тексерілетінін айтты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago