«Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес» атты туынды күні кеше баспадан шықты.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Facebook-тағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кітаптың авторы — Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Жақсыбек Құлекеев.
2022 жылдың қаңтарын қазақ халқы ешқашан ұмытпайтыны хақ. Жыл басында елімізде орын алған қасіретті оқиға басқаша аяқталғанда қандай мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды дәл бүгін көзге елестетудің өзі қиын… Бұл саяси әдебиет, талдаулар мен зерттеулер. Тың ойлар… Ерекше туынды. Көпшілікке ұсынылған бұл жаңа кітап күні кеше баспадан шықты.
Бұған дейін экономист Жақсыбек Құлекеев Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған еді. Президентке жаһандық геосаяси дағдарыс кезінде ұлттық экономиканы дамыту жөнінде ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ мұнай-газ секторының ғылыми-инжинирингтік әлеуетін күшейту мәселелесін талқылады. Әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы өзінің көзқарасын айтып, маман даярлау проблемасын қозғаған болатын.
Айта кетейік, Жақсыбек Құлекеев бұрын Білім және ғылым, Экономика және сауда министрі болған.