Астанада TikTok әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттағаны үшін ер адам жеті жылға сотталды.
Бұл туралы Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының №2 сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
6 желтоқсанда Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2соты ҚК-тің 256-бабының 2-бөлігінде (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін И. есімді азаматқа сотқа қатысты айыптау үкімін шығарды және жеті жылға бас бостандығынан айырылды,
делінген хабарламада.
Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы TikTok-та «қарулы жиһад» идеологиясын тарататын діни сипаттағы видео жариялаған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.