Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Білім > «Ел игілігі үшін жұмыс істеуге тырыстым». Асхат Аймағамбетов жазба жариялады
Білім

«Ел игілігі үшін жұмыс істеуге тырыстым». Асхат Аймағамбетов жазба жариялады

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 05.01.2023
Обновлено 05.01.2023 в 10:01
Поделиться
Поделиться

Бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім саласында атқарылған жұмыстарды баяндап, Facebook парақшасында жазба жариялады. Жазбасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны білім саласында министр етіп үш рет тағайындағанын атап өтті. Ол «осы уақыт ішінде жүктелген сенімді ақтауға және ашық болуға, жұмыста тиімді әрі пайдалы болуға тырысқанын» айтты.

«Өмірімнің осы маңызды кезеңінде сіздердің, Президенттің, мұғалімдердің, ата-аналардың, министрліктің бүкіл ұжымының, азаматтық қоғамның қолдауының арқасында маңызды нәтижелерге қолжеткіздік.

Білім және ғылым саласына жауапты болған министр ретінде өздеріңізге есеп беріп, атқарылған жұмыстар туралы айту жөн деп санаймын. Алдағы уақытта министр лауазымында қабылданған әрбір шешім туралы егжей-тегжейлі есеп беруді және бұл шешімдердің логикасы туралы айтуды жоспарлап отырмын. Оны кез келген адам көре алады.

Осы жылдар ішінде мен халқымыздың батасын алып, Президенттің сенімін ақтау үшін, ел игілігі үшін жұмыс істеуге тырыстым»,

деді Асхат Аймағамбетов.

«Жалпы алғанда, мен үшін уақыт талабына сәйкес келетін жаңа реформаларды енгізу ғана емес, сонымен қатар сабақтастықты сақтау маңызды болды. Әсіресе пандемия кезінде қиын болды, бірақ әріптестеріміздің түсінігі мен қолдауының арқасында ол уақыттан да өттік.

Осы уақыт аралығында мұғалімдердің үлкен қолдауын сезіндім. Сол үшін құрметті әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Менің шешімдерімді түсініп, қолдағандарыңыз үшін рақмет. Оның барлығы әрқайсыңыздың еңбек жағдайыңызды жақсартуға бағытталған болатын».

«Президенттің қолдауы арқасында біз өте маңызды құжатты — «Педагог мәртебесі туралы» заңды қабылдадық. Соның арқасында түбегейлі өзгерістер болды, мысалы, жалақыны көтеру, қосымша төлемдер, міндетке жатпайтын қызметтерден босату, бес күндік жұмыс аптасына ауысу, 30 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдерді ҰБТ-дан босату және 25 жылдан астам жұмыс өтілі бар мұғалімдерге төсбелгі тағайындау және т.б».

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, білім беру саласы — қарқынды дамып келе жатқан сала.

«Сондықтан енгізілген жаңалықтарға түсіністікпен қараған ата-аналарға алғысымды білдіргім келеді. Қандай да бір бастаманы жүзеге асырғанда балаларымыздың мүдделерін негізге алдық. Осыған дейін де балаларымның мемлекеттік мектеп пен балабақшаға баратынын бірнеше рет айтқан болатынмын.

Біз балабақша тәрбиешілеріне, колледж мұғалімдері мен университет оқытушыларына да қолайлы жағдай жасауға тырыстық.

Барлық идея мен алға қойылған міндетті іске асырған Оқу-ағарту министрлігінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, департаменттердің, білім басқармаларының, әдістемелік кабинеттердің, білім беру ұйымдарының барлық қызметкеріне ерекше алғысымды білдіргім келеді.

Сіздер бағалауға келмейтін ауқымды жұмыс атқардыңыздар. Кейде тым қатал, талапшыл болатынымды білемін. Ашық сөйлеп, қолдау білдіріп, сын айтқан қоғам қайраткерлері мен белсенділерге алғыс айтамын. Мен әрқашан сындарлы ескертулерді қабылдауға дайынмын және оларды түзетуге тырысамын»,

деді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ, бұрынғы министр жаңалықтарды жариялаған журналистерге де еңбектері үшін алғыс айтты.

«Біз өзекті ақпаратты белсенді түрде бөлісуге және диалог үшін әрқашан ашық болуға тырыстық. Кез келген адам тыңдай алатын аппарат жиналыстары апта сайын ұйымдастырылды. Жұмыс кестемнің тығыздығына қарамастан, сұхбатқа да уақыт бөлуге тырыстым. Өйткені жаңалықтар мен қабылданған шешімдерді отандастарымызға уақытылы жеткізу және олардың түсінуі маңызды болды.

Тәрбиешілермен, оқушылармен, студенттермен, ұстаздармен, мектеп, колледж директорларымен, оқытушылармен, ректорлармен, ғалымдармен, білім басқармалары мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен көптеген кездесу өткіздім. Мен үшін әртүрлі деңгейдегі білім беру өкілдерінің пікірлерін тыңдау және қандай да бір шешім қабылдағанда барлық мәселенің «оң» және «теріс» жақтарын таразылау маңызды болды».

«Қызметте саланың дамуына үлес қосып, отандастар мен Президент сенімін ақтай алдым деп үміттенемін», деп түйіндеді сөзін Асхат Аймағамбетов.

Еске салайық, 4 қаңтарда Асхат Аймағамбетов оқу-ағарту министрі қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Анара Бауыржанқызы 05.01.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

РуханиятБілім

Қазақстан совет мультфильмдерін қазақшаламақ

06.06.2024
ҚоғамБілімРуханият

Түймебаев енді ректор боп ұзақ отыра алмайды

06.03.2024
БілімРуханият

Наурызда өтетін ҰБТ басталды

04.03.2024
Білім

Педагогтерді аттестациялаудың жаңа ережесі әзірленді

20.02.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?